Комитеттер - "Отбасы банк" АҚ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Комитеттер

Директорлар Кеңесіне есеп беруге міндетті комитеттер.

Директор Кеңесіне есеп беруге міндетті 4 комитет әрекет етеді:

  1. Аудит жөніндегі комитет;
  2. Банктің Директорлар Кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеті;
  3. Банктің Директорлар Кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті;
  4. Банктің Директорлар Кеңесінің Тәуекел және ішкі бақылау комитеті.

Директорлар Кеңесінің аудит жөніндегі комитеті

Комитет Банктің Директорлар Кеңесінің бақылау қызметтерінің тиімді орындалуына жәрдемдесу мақсатында құрылған. Комитет Банктің қаржы есептілігін әзірлеуді және Банктің қаржылық есептілігінің сенімділігін және толықтығын қамтамасыз етуді бақылайды, ішкі және сыртқы аудиттің тәуелсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді.

Банктің Директорлар Кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеті

Комитет Банктің Директорлар Кеңесінің бақылау қызметтерінің тиімді орындалуына жәрдемдесу, қызметтің басымдылық берілген бағыттарын және стратегиялық мақсаттарды жасау мәселелері, сондай-ақ Банк қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.

Банктің Директорлар Кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті

Комитет Банктің Директорлар Кеңесінің бақылау қызметтерінің тиімді орындалуына жәрдемдесу, кадр саясаты мәселелері бойынша ұсынымдар дайындау, тағайындауы Банктің Директорлар Кеңесінің құзырына жататын Банктің жетекшілік ететін қызметтерлерінің, Банк қызметкерлерін тағайындау, сыйақы беру мақсатында, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша Банктің басқару тиімділігін арттыру үшін құрылған.

Банктің Директорлар Кеңесінің Тәуекел және ішкі бақылау комитеті

Комитет Банктің Директорлар кеңесінің бақылау функцияларының тиімді орындалуына атсалысу және ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған, тәуекелдерді сенімді әрі тиімді басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ішкі бақылау мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсетеді және қызметті үйлестіреді.

Банк Басқармасына есеп беруге міндетті комитеттер.

Банкте Банк Басқармасына есеп беруге міндетті 10 комитет жұмыс істейді:

Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитет

Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитет (бұдан әрі – СКДК) қызметінің негізгі мақсаты – Банк дамуының стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру.

СКДК негізгі міндеттері:

- Стратегиялық қағидаттарды, даму мақсаттарын және Банк шараларын анықтау;

- Банк дамуының стратегиялық жоспарын орындауды үйлестіру және бақылау;

Банктің қолданыстағы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

Тәуекелдер жөніндегі комитет Тәуекелдер жөніндегі комитеттің негізгі мақсаты Банктің Басқармасына Банктің тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) және ішкі бақылау жүйесін (ІБЖ) жетілдіруде және нығайтуда, тәуекелдерді басқару қызметін (операциялық, ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, қызметтің үздіксіздігін басқару) жүзеге асырудың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу болып табылады.

Тәуекелдер жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:

- Банк Басқармасы үшін ТБЖ мен ІБЖ тиімді ұйымдастыру және қолдау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;

- Банк тәуекелдерін сәйкестендіруге, бағалауға, қадағалауға және бақылауға арналған процестерді дамыту;

- Банктің құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процесін үйлестіру;

- Тәуекел-мәдениетті, ТБЖ, ІБЖ ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында Комитеттің мүшелері арасында Банктің тәуекелдері, ішкі бақылауы туралы ұдайы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және осындай ақпаратты тәуекелдер мен тәуекел факторлары иелеріне жеткізу;

- Клиенттердің өтініштері (шағымдары) бойынша есеп беру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

- Банктің бизнес-процестерін/процестерін/функцияларын/операцияларын аутсорсингке беру процесін үйлестіру және бақылау;

- Қауіпсіздік департаментінің қызметтік тергеулері және қызметтік тексерулері нәтижесінде анықталған фактілердің Банк тәуекелдеріне әсерін бағалау және олар бойынша шаралар қабылдау.

Контроллинг жөніндегі Контроллинг жөніндегі комитет қызметінің негізгі мақсаты қызметтің басты көрсеткіштерінің карталарын қарастыруға, жоспарлауға және бағалауға қатысты контроллинг функцияларын іске асыруда Банк Басқармасына көмек көрсету болып табылады.

Контроллинг жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:

- Банктің Даму стратегиясына сәйкес қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жұмысты жоспарлау процесін қолдау;

- Банктің Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, Банктің басқарушы директорлары мен Басқарма төрағасы кеңесшілерінің жоспарлы іс-шараларды орындауын бақылауды ұйымдастыру.


Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет

АПБК міндеттері:

- Ішкі және сыртқы нарықта инвестиция және қарыз ережелері мен рәсімдерін анықтау, қаржы құралдарымен операция жасау;

Ережеде және Банктің басқа да ішкі құжаттарында анықталған өкілеттік шеңберінде, кредит беру мақсатында Банктің активтерін, өтімділігін, табыстылығын, Банк қаражатының жеткіліктілігін әртараптандыру бойынша бағдарларды (эталонды қоржын)   анықтау.

Банктік өнімдер мен үдерістер, және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитет 

БӨҮҚКСК негізгі міндеттері:

- Банктік операциялар өткізуге мөлшерлемелер мен тарифтерді, депозит пен кредит бойынша сыйақының шекті көлемін, қабылданатын депозиттер мен берілетін кредиттердің шекті сомасы мен мерзімдерін қарау және мақұлдау;  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Директорлар кеңесінің бекітуін талап етпейтін тарифтік бағдарламаларға және кредит беруге қызмет көрсету талаптарын бекіту;

Қолданыстағы үдерістер мен рәсімдерді оңтайландыру бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған Банк бөлімшелері мен қызметкерлерінің ұсыныстарын қарау және мақұлдау.

- Банк тарапынан көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдау

Кредиттік комитет

КК негізгі міндеттері мынадай банктік операциялардан барынша табыс тапқан және қарыз тәуекелдерін барынша азайтқан жағдайда, өз өкілеттілігі аясында Банктің ішкі кредиттік саясаты туралы ереженің ережелері мен АПБК шешімдерін жүзеге асыру болып табылады:  тұрғын үй заемдарын, аралық тұрғын үй заемдарын, алдын ала тұрғын үй заемдарын беру операциялары (бұдан әрі – кредит құралдары).

Ақпараттық ресурстар жөніндегі комитет

АРК негізгі міндеттері – Банк Басқармасына ұсынымдар беру мақсатында ақпараттық құрылымдық және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Банктің жобаларын қарау.

Бюджеттік комиссия

БК негізгі міндеттері – Бюджет/ Шығыс және кіріс жобаларын, Инвестициялық жоспар және Сатып алу жоспарын/Банктің ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын жасаған кезде, Ұзақ мерзімді стратегияға және Банктің даму жоспарына сәйкес негізді шешім қабылдау үшін қаржылық және қаржылық емес ақпараттарды қарау.

Негізгі құралдар, материалдық емес активтер және жатып қалған тауар-материалдық қор құнын анықтау және есептен шығару жөніндегі комиссия

НҚ МЕА ТМҚ комиссиясының негізгі міндеттері – мыналар бойынша мәселелерді қарастырып, шешім қабылдау:

- Банктің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің нормативтік және пайдалы қызметінің құнын, мерзімдерін анықтау;

- Банк мүлігінің істен шығуын реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Банк мүлігін есептен шығару;

- Тәуелсіз бағалаушының қорытындысы негізінде Банктің Есепке алу саясатына сәйкес Банктің негізгі құралдарына (ғимарат, құрылыс) қайта бағалау өткізу;

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануына сынақ жүргізу.

Кадр мәселесі жөніндегі комитет

Кадр мәселесі жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:

Комитеттің басты міндеттері төмендегілер болып табылады:

-  Банктің ішкі кадрлық саясатын іске асыру;

-  қызметкерлерді аттестаттау бойынша, соның ішінде, даулы мәселелерді шешу кезінде жұмыстарды үйлестіру;

-  Банктің кадрлар  резервін құру үшін кандидатураны қарастыру;

-  сапалық  ынталандыру үшін кандидатураны қарастыру;

-  Банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасы, Банктің ішкі құжаттары талаптарын бұзу дерегін қарастыру. 



Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру