Құрметті клиенттер, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысына сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының (оның ішінде «Шаңырақ» пилоттық жобасы) күші жойылғанын хабарлаймыз.
Осы Бағдарлама бойынша келісімдер шеңберінде жасалған қалған объектілер «Нұрлы Жер» бағдарламасының талаптары бойынша сатылатын болады.
Жаңа объектілер бойынша келісімдер «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» шеңберінде жасалады.
Егер сіз әкімдік кезегінде тұрсаңыз, онда бағдарламаға қатысу үшін дәл қазір өтінім бере аласыз.
09.09.2021 ж. бастап банк нарықта тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдауды тоқтатқанына байланысты сіз otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінім бере аласыз және ұсынылған объектілерден тұрғын үй таңдауды жүзеге асыра аласыз.
2022 жылы өтінімдер 1986 жылдан бастап осы уақытқа дейін әкімдікте есепте тұрған Отбасы банкінің салымшыларынан, сондай-ақ, банк салымшысы болып табылмайтын әкімдік кезегіндегі азаматтардан қабылданады.
Маңызды! «Тексеру және өтінім беру» түймесін баспас бұрын, бұл бағдарламаның сізге қаншалықты қолайлы екенін түсіну мақсатында оның шарттарымен (төменде көрсетілген) алдын ала мұқият танысуларыңызды өтінеміз. Әкімдік кезегінде тіркеуде тұрғаныңызды мына жерден тексере аласыз:
«Шаңырақ» пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтар қатыса алады.
Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әрбір мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,7 күнкөріс минимумынан (КМ, 2023 жылдың 1 қантарына көрсеткіші – 40 567 теңге) артық болмауы керек. Яғни 2023 жылы отбасының бір мүшесінің табысы 150 098 теңгеден аспауы тиіс.
Баспананы кез келген жаңа тұрғын үй кешенінен сатып алуға болады. "Шаңырақ" жобасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да пәтер сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар құрылыс компанияларынан үлестік қатысу арқылы (пайдалануға берілмеген үйлерден) тұрғын үй сатып ала аласыз.
Әкімдік салған несиелік тұрғын үй бойынша 1 шаршы метрге келесі баға параметрлері белгіленген:
240 мың теңгеге дейін — Алматы қаласында;
220 мың теңгеге дейін — Астанада және осы қала маңындағы аймақта;
200 мың теңгеге дейін — Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;
180 мың теңгеге дейін — Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалаларында және Қарағанды облысында;
160 мың теңгеге дейін — басқа аймақтарда.
Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады.
Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.
Егер сіздің табысыңыз несиені өтеуге жеткіліксіз болса, онда сіз 2 қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.
Негізгі кіріске жататындар:
Қосымша кіріске жататындар:
Таза артық төлем, мың теңге*
3 600
6 000
6 400
7 400
Өтініштерді пулға қабылдау кезінде кандидаттардың тізімін қалыптастыру Кандидаттардың тізімін қалыптастыру «ерте күннен кеш күнге» қағидаты бойынша есепке қойылған күн бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген жағдайда жүйе кандидаттарды «пулға өтініш беру күні мен уақыты бойынша» автоматты түрде саралайды. Сатып алушылардың тізімін қалыптастыру өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тұрғын үй типі бойынша пәтерлер санына тең мөлшердегі үміткерлер кандидаттарға айналады. Тікелей сату кезінде кандидаттар тізімін саралау. otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтініш берген сәтте тікелей сатуға қатысатын салымға есептелген сыйақы сомасына қарай (жинақ шотындағы есептелген сыйақы сомасы неғұрлым жоғары болса, объектідегі осы пәтерді таңдауға басымдық соғұрлым жоғары болады) кандидаттардың тізімін автоматты түрде саралайды. Бұл ретте, егер брондау кезінде ТҚЖ туралы бірнеше шарт мәлімделсе, 3 (үш) жылға дейінгі мемлекет сыйлықақысын қоспағанда, жүйе жинақ шотындағы және сыйақы шотындағы сыйақының жалпы сомасын жинақтайды. Тізім бойынша келесі кандидаттар, бірінші кандидаттан кейін, егер бірінші кандидат өтініштің күшін жойса немесе біліктіліктен өтпесе, брондалған пәтерге құқығын сақтайды. Тізім бойынша келесі кандидатқа Банктің интернет-ресурсындағы жеке кабинетінде біліктілікке шақыру туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі. Кандидаттың біліктілігін растау мерзімі өтініштерді тікелей сатуға қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Тізім бойынша келесі кандидатқа біліктілікті растаудың осындай мерзімі белгіленген.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!