Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ESG рейтинг

ESG рейтинг

001

2025

Sustainable Fitch рейтинг агенттігі 2025 жылы «Отбасы Банк» АҚ жаңартылған рейтинг бағасын берді. Банктің тұрақты даму рейтинг бағасы «55»-тен «60» балға дейін көтерілді, ал жалпы рейтинг деңгейі «3» белгісінде расталды.

Рейтингті көтеру банктің әлеуметтік саясат, ESG ақпараттарын ашу, стратегия мен операциялық қызметке тұрақты даму қағидаттарын енгізу салаларындағы жүйелі нәтижелерін көрсетеді. Сарапшылар ашықтықтың артқанын атап өтті – 2024 жылы банк бірінші рет қаржыландырылатын шығарындыларды қоса алғанда, барлық үш санат (Scopes 1, 2 и 3) бойынша парниктік газдар шығарындыларының есептерін ұсынды, сондай-ақ гендерлік теңдік пен жалақыға қатысты көрсеткіштерді жариялауды кеңейтті.

Толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз: https://www.sustainablefitch.com/banks/sustainable-fitch-affirms-otbasys-entity-rating-at-3-12-11-2025

2024

Sustainable Fitch рейтингілік агенттігі "Отбасы Банк" АҚ-на "3" деңгейінде ESG рейтингін және "55" деңгейінде бағасын берді.

Бұл рейтингке Банктің ипотекалық несие портфелінің оң әлеуметтік әсері себеп болды, өйткені оның айтарлықтай бөлігі халықтың таңдаулы осал топтары үшін барабар, қауіпсіз және қолжетімді тұрғын үйге және негізгі қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік қолдаумен нығайтылған субсидияланған ипотекалық тұрғын үй кредиттерін беру арқылы тұрғын үйге қолжетімділіктің өткір проблемасын шешуге ұмтылу Қазақстанда тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді.

Банк жылжымайтын мүліктің энергия тиімділігін ескере отырып, ипотека бойынша пилоттық жобаны іске қосу арқылы Қазақстандағы энергиялық тиімді жылжымайтын мүлікке деген қызығушылықтың артуына ықпал етті.

Банктің Тұрақты даму саясаты қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға, жасыл технологияларды пайдалануға және қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ этиканы, инклюзивтілікті, әділ сыйақыны және еңбек қауіпсіздігін дамытуға бағытталған.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру