Табысты және тиімді тұрақты даму саясатын жүзеге асыру үшін Банк мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге тиісті көңіл бөледі.
Банк әсер ету аймағына байланысты мүдделі тараптардың үш тобын анықтайды: өкілеттік және жауапкершілік аймағы, тікелей әсер ету аймағы, жанама әсер ету аймағы.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі нысандары: бірлескен бағдарламалар мен жобалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлескен жұмыс топтары, іс-шаралар туралы есеп беру, кездесулер, конференциялар, басылымдар, сұхбаттар және т.б. Банктің мүдделі тараптарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру процесі қатысу принципіне негізделген, және ол Банк қызметін басқару процесінің барлық кезеңдерінде мүдделі тараптардың мүдделерін ескеруді және мүдделі тараптарды маңызды тақырыптар мен маңызды мәселелерді талқылауға тартуды, ықтимал тәуекелдер мен жауапкершілік шекаралары болып табылады.
Банк халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру іс-шараларын, оның ішінде жинақтау, дұрыс қаржылық мінез-құлық, жеке деректерге жауапкершілікпен қарау және т.б. мәселелер бойынша оқу орындарының білім алушылары үшін ашық сабақтар, колледждер мен университеттер үшін лекциялар, ұйымдар үшін семинарлар, т.б. мезгілді түрде өткізеді.
2025 жылдың бірінші тоқсанында Банк филиалдары Қазақстанның бүкіл аумағында 58 іс-шара өткізді, оған 1 891 адам қатысты.
01.01.2025-30.04.2025 жылдар аралығында "Отбасы банкі" АҚ басшылығы Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайы бойынша Банктің орталық аппаратында жеке тұлғалармен 4 кездесу өткізді (Кездесу күні: 13.03.2025 ж., 26.03.2025 ж., 30.04.2025 ж.). Талқылаудың негізгі тақырыптары тұрғын үй төлемдері есебінен қарызды мерзімінен бұрын өтеу, ауылдық жерлерде 1,2,3 топтағы мүгедек балалары бар көп балалы отбасыларға несие берудің жеңілдікті бағдарламасын құру, тұрғын үйге кезекке қою мәселелеріне қатысты болды.
01.05.2024ж. - 31.12.2024 ж. аралығындағы кезеңде "Отбасы банк" АҚ Басқармасының төрайымы Л.Е. Ибрагимова Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91 мекенжайы бойынша Банктің Орталық аппаратында жеке тұлғалармен 6 кездесу өткізді (кездесу күні: 02.05.2024 ж., 25.07.2024 ж., 07.08.2024 ж., 28.08.2024 ж. 25.12.2024ж.). Талқылаудың негізгі тақырыптары: тұрғын үй мәселелерін шешу, қарыз алуға жәрдемдесу және мемлекеттік кредиттеу бағдарламаларына қатысу қатысында болды және банктің колл-орталығының жұмысы, тұрғын үй кезегіне тұру қатысында болды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!