Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
«ҰМАЙ» әйелдер ипотекасы

«ҰМАЙ» әйелдер ипотекасы

Құрметті клиенттер!
Отбасы банк Азия даму банкімен бірлесе, жалпы сомасы 38 млрд теңгеге әйелдерді несиелендіру туралы келісім жасады. Аталмыш бағдарлама бойынша 2021 жылы 8,4 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш игеріліп, 954 несие берілген болатын. 2022 жылы 14 млрд теңге көлемінде екінші транш қабылданып, 1120 қыз-келіншек қоныс тойын тойлаған болатын.

15,6 млрд теңге сомасында үшінші транш бөлінді.

Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарлануда.

Несиенің 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына берілмек.

НЕСИЕНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
Отбасы банкіндегі жинақ сомасы
0%-дан
Несие сомасы пәтердің бағаланған құнынан
85% дейін
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі
жылдық 14,4 % (ЖТСМ 15,4% бастап 16,4% дейін)
Несие мерзімі
10 жылға дейін
Несиелік мөлшерлемені төмендету
несие сомасының 50% жинақталғаннан кейін
3,5 % (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5 % (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді
Отбасының максималды кірісі
640 000 теңгеге дейін
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
  • Бастапқы нарықта (жаңа ғимараттарда) және екінші нарықта тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуы
  • Басқа жылжымайтын мүлікке меншік құқығында шектеулер жоқ
  • Екі адамға дейінгі қарыз алушыларды тарту

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру