Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Мемлекет сыйлықақысы

Мемлекеттік сыйлықақы

Мемлекет сыйлықақысы – бұл Отбасы банкі салымшыларының депозиттеріне олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ынта-ықыласын арттыру үшін республикалық бюджеттен аударылатын қаражат

Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі.
Қаражат әр жылдың басында барлық депозиттерге бір уақытта аударылады.
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Жыл соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын аласыз

Нені есте сақтау керек

Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Мемлекет сыйлықақысының көлемі – 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасының 20%-ы. Мемлекет сыйлықақысы бір жыл ішінде депозитке салынған, бірақ 200 АЕК-тен аспайтын ақша бойынша есептеледі.
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Бір салымшыда бірнеше тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болуы мүмкін, алайда мемлекет сыйлықақысы соның тек біреуіне ғана аударылады.
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Мемлекет сыйлықақысы тек ҚР азаматы болып табылатын азаматтың шотына ғана беріледі.
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Ал бір жыл ішінде жинаған ақшаңыз 200 АЕК-тен асып кетсе, онда мемлекеттік сыйлықақы берілмеген жинақ ақшасы келесі жылы ескерілетін болады.
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Мемлекет сыйлықақысы аралық және алдын-ала заемдар алу кезінде кепіл болып саналатын депозиттерге де беріледі.

Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Мемлекет сыйлықақысы осыған дейін есептелген жинақ сомасына берілмейді.
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Үш жылдан аз уақыт қаражат жинасаңыз және депозитті мерзімінен бұрын жабамын деп шешсеңіз, мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.
Мемлекет сыйлықақысы Отбасы банкі
Тұрғын үй заемын алған соң оны баспана жағдайын жақсартуға пайдаланбасаңыз, мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.

Отбасы банкіндегі салымды бүгін толықтырып, жыл басында сыйлықақы алыңыз!

Сізде әлі депозит жоқ па?
Өтінімді дәл қазір қалдырыңыз!

Бұдан да көбірек ақпарат біздің видеоларымызда:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру