«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері Қазпошта арқылы тұрғын үй бағдарламаларына қай түкпірінде болсада қатыса алады

4 Июля 2017

Баспасөз хабарламасы
Астана қ.                                                                                                      4.07.2017 ж.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері Қазпошта арқылы тұрғын үй бағдарламаларына қай түкпірінде болсада қатыса алады

ҚТҚЖБ-ның («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) әлеуетті салымшылары Қазпошта бөлімшелерінен банк өнімдері бойынша кеңестер ала алады және жинақ шотын аша алады. Осындай әрекеттер ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін мүмкін болды.
«Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен депозит ашу немесе кредит төлеу тегін. Бұған дейін бұл қызметтер үшін салымшының енгізетін сомасынан 1% ұсталынатын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және ұлттық пошта операторы белгіленген комиссия туралы келісті, оның шығындарын банк өзіне алды.
Қазпошта бөлімшелері арқылы депозит ашу кезінде салымшы шотына 15 000 теңге салуы қажет. Бұл төмендетілмейтін баға - пошталық бөлімшелер арқылы шот ашудың міндетті талабы.
- Қазіргі таңда біздің 17 филиалымыз, 15 қызмет көрсету орталығымыз және 150 кеңес беру орталығымыз бар. Біздің қызметтеріміз мен бағдарламаларымыздың танымалдылығы арта түскендіктен, бізге жаңа қызмет көрсету орталықтары қажет, ал , елімізде ең үлкен филиалды желісі бар Қазпошта арқылы барлық қазақстандықтарға қызмет көрсете аламыз. Бұл дегеніміз тек банк қызметтерінің қолжетімділігін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, пошталық операторлар арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы көбірек ақпараттандыру деген сөз» - дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.
Қазақстандықтар бүкіл ел бойынша Қазпоштаның 800 автоматтандырылған бөлімшелерінде депозит рəсімдей алады, оның 38%-ы - ауылдық бөлімшелерде жəне 62%-ы - аудан орталықтарында орналасқан. Сол себепті, ендігі жерде ауыл тұрғындарына ҚТҚЖБ шартын рəсімдеу үшін қалаға барудың қажеті жоқ. Операциялық қатерді азайту үшін, Қазпошта бөлімшесіне клиент жүгінген жағдайда, оны биометрлік тексеруден өткізеді.
“Қазіргі таңда банк клиенттеріне ыңғайлы бағдарламаларды таңдауда, салым ашуға құжаттарды рəсімдеуде жəне ұсынылатын бастапқы жарнаны есептеуде Қазпошта бөлімшелерінің қызметкерлері көмек көрсету үшін оқытылып жатыр. Келешекте біз кредитті банктің əр түрлі бағдарламалары бойынша рəсімдеуді жоспарлап отырмыз. Бұл ынтымақтастық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдеріне жəне жалпы қаржы қызметтеріне біздің барлық клиенттеріміздің, əсіресе ауылдық жерлердегі клиенттеріміздің қолжетімділігін қамтамасыз ететініне сенімдімін”,- деп өз ойын білдірді “Қазпошта” АҚ-ның қаржы қызметтері жөніндегі Басқарушы директоры Айнұр Күнхожаева.
***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушыжалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі.

«Қазпочта» АҚ – почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.



БАҚ үшін қосымша ақпарат:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ баспасөз қызметі
+7 (727) 279 35 11 (і/н.00526),
pr@hcsbk.kz
«Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі :
+7 (7172) 611 699 (вн.1104,1020 )
pr@kazpost.kz

қайтару