«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақтөбе қаласындағы клиенттеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолжетімді бағамен тұрғын үй ұсынылмақ

13 Июня 2017

Баспасөз релизі


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолжетімді бағамен Ақтөбе қаласында тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне ие болады


«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Сбербанк, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (ҚТҚЖБ) және «Соллерс» құрылыс компаниясы арасында үш жақты келісім жасалды. Құжатқа сәйкес, Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 3771 шаршы метрлік 9-қабатты тұрғын үй салынбақ. Аталған нысанды қолданысқа беру мерзімі 2017 жылдың 15 тамызына белгіленген. Келісім бойынша пәтердің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары арасында сатылатын болады. Нысан бойынша дауыс беру процедурасын банк 2017 жылдың 5-13 маусымы аралығында өткізді. ҚТҚЖБ клиенттері үшін тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 140 000 теңгеден жүзеге асырылмақ. Пәтерлердің қалған 50%-ын құрылысшы өз бетінше сата алады немесе ҚТҚЖБ клиенттеріне ұсына алады.

«Банктің мақсаты – өз салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл жағдайда олар үшін меншікті пәтерді сатып алу талаптары барынша қол жетімді болуы тиіс. Дәл осы салада біз үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз. Ал қол жеткізілген келісім - бұл біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұл - баспанасы жоқ қазақстандықтарды қолдаудың жаңа механизмі. Енді олар шаршы метрлерді төмендетілген бағалар бойынша сатып ала алады" – деп атап өтті, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимова».

Тұрғын үй құрылысы үшін Сбербанк 400 миллион теңге сомасына «Соллерс» компаниясының несиелік желісін ашты. «Даму» қоры, өз кезегінде, құрылыс компаниясына жылдық 7% мөлшерінде несиеге субсидия ұсынды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде тұрғын үй құрылыс секторы мен ипотекалық несиелендіру нарығы тиімді динамиканы көрсете бастады», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов. Біздің банк Қазақстан үшін әлеуметтік маңызы бар осы бағдарлама бойынша жұмысын күшейтуде. Бұған қоса, оның жүзеге асырылуы еліміздің экономикалық дамуына жағдай жасамақ, себебі өндірістегі бір жұмыс орны айналада жеті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді».

####

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асырушы Қазақстандағы жалғыз банк болып табылады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақыны субсидиялаудың және кәсіпкерлердің банктер алдындағы кредиттерін кепілдендірудің қаржылық агенті, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында оқыту мен кеңес беру бойынша бағдарламалардың операторы функциясын орындайды. «Даму» қорының филиалдары Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билік органдарымен жұмыстың едәуір тәжірибесі бар.

«Соллерс» ЖШС Қазақстанның құрылыс нарығында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, бірақ та өзін адал және сапалы құрылысшы ретінде танытып үлгерді. Компания Ақтөбе қаласынан бастап Ресей Федерациясы шекарасына дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз құрылысына қатысты.

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл табысты жұмыс істеп келеді және активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 4-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 81 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (ішкі н.00344/00544/00271)
pr@hcsbk.kz

қайтару