«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Осы жылы Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 100 салымшысы баспанамен қамтамасыз етіледі

16 Июня 2017
«Өз үйім» бағдарламасы аясында іске асырылатын тұрғын үйге алматылықтар тарапынан сұраныс көп түсуде. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Алматы қ. филиалының директоры Диас Рахымхан Nauryzbai Invest Forum-ында айтты. Ол қаламыздың Наурызбай ауданы құрылыс салушылар үшін перспективалы екенін басып айтты. 153 гектралы жерде 20 000 отбасы тұратын болады. Бірінші кезекте, 41 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Тіпті, алғашқы 7 нысан құрылысының аяқталуы да жақын. Ол жердегі тұрғын үйлер «Өз үйім» бағдарламасы аясында ТҚЖБ салымшыларына өткізіледі.
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дауыс беру өткізді, 1 800 салымшы 496 пәтерге өтінім берді.Пул құрылды. Тұрғын үйдің таза әрлеудегі 1 ш.м. бағасы – 220 000 теңге. Бағдарламаның ерекшелігі - банк клиенттері үшін тұрғын үй бағасының небәрі 30% құрайтын төмендетілген бастапқы жарна болып табылады.Сонымен қатар, қатысушыларға тіркелу міндеттілігіне және жылжымайтын мүліктің болуына қатысты талаптар қойылмайды. Жақын уақытта келесі 7 үйдің құрылысы басталады. Сол себепті, қазір ең бастысы ақша жинақтау ,-деді Диас Рахымхан.
Жаңа тұрғын үйлердегі ауданы 44 ш.м. құрайтын бір бөлмелі пәтердің бағасы 9 680 000 теңге тұратындығын да айтты, тиісінше бастапқы жарна 2 904 000 теңгені құрайтын болады.
Сондай-ақ, жақын уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында дауыс беру басталады. Яғни, дауыс беретін үйлер: 1 ш.м. үшін баға 160 000 теңгені құрайтын «Саялы» ықшам ауданындағы 422 пәтерлі 13 үй және 1ш.м. бағасы 177 500 теңге болатын «Жас Қанат» тұрғын үй кешеніндегі 228 пәтерлі 4 үй.
Дауыс беру басталатын күн туралы және қатысушыларға қойылатын талаптар жөнінде Банктің интернет-ресурсындағы жаңалықтардан оқи жүріңіздер.

***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады және Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырушы жалғыз банк.

қайтару