«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақтөбе қаласындағы клиенттеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолжетімді бағамен тұрғын үй ұсынылмақ

13 Июня 2017
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Сбербанк, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (ҚТҚЖБ) және «Соллерс» құрылыс компаниясы арасында үш жақты келісім жасалды. Құжатқа сәйкес, Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 3771 шаршы метрлік 9-қабатты тұрғын үй салынбақ. Аталған нысанды қолданысқа беру мерзімі 2017 жылдың 15 тамызына белгіленген. Келісім бойынша пәтердің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары арасында сатылатын болады. Нысан бойынша дауыс беру процедурасын банк 2017 жылдың 5-13 маусымы аралығында өткізді. ҚТҚЖБ клиенттері үшін тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 140 000 теңгеден жүзеге асырылмақ. Пәтерлердің қалған 50%-ын құрылысшы өз бетінше сата алады немесе ҚТҚЖБ клиенттеріне ұсына алады.

«Банктің мақсаты – өз салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл жағдайда олар үшін меншікті пәтерді сатып алу талаптары барынша қол жетімді болуы тиіс. Дәл осы салада біз үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз. Ал қол жеткізілген келісім - бұл біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұл - баспанасы жоқ қазақстандықтарды қолдаудың жаңа механизмі. Енді олар шаршы метрлерді төмендетілген бағалар бойынша сатып ала алады" – деп атап өтті, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимова».

Тұрғын үй құрылысы үшін Сбербанк 400 миллион теңге сомасына «Соллерс» компаниясының несиелік желісін ашты. «Даму» қоры, өз кезегінде, құрылыс компаниясына жылдық 7% мөлшерінде несиеге субсидия ұсынды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде тұрғын үй құрылыс секторы мен ипотекалық несиелендіру нарығы тиімді динамиканы көрсете бастады», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов. Біздің банк Қазақстан үшін әлеуметтік маңызы бар осы бағдарлама бойынша жұмысын күшейтуде. Бұған қоса, оның жүзеге асырылуы еліміздің экономикалық дамуына жағдай жасамақ, себебі өндірістегі бір жұмыс орны айналада жеті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді».

қайтару