«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тараз қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша іріктеудің басталуы туралы

12 Сентября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты іріктеуден өту қажеттілігі (төлемқабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.

Нысан: «Тараз қаласы, «Арай» алқабында орналасқан 80-пәтерлі тұрғын үй, № 6 жер телімі, № 1-ші белгі, нысан коды 374».
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 116 000 теңге.
Пәтер саны: 44 (қырық төрт),
Пәтер түрі: 1-1: 4 пәтер, максималды көлемі 50,84 ш.м.;
Пәтер түрі: 2-1, 2-2: 8 пәтер, максималды көлемі 73,40 ш.м.;
Пәтер түрі: 2-5: 5 пәтер, максималды көлемі 83,42 ш.м.;
Пәтер түрі: 3-3: 4 пәтер, максималды көлемі 82,87 ш.м.;
Пәтер түрі: 3-1, 3-2: 11 пәтер, максималды көлемі 91,66 ш.м.;
Пәтер түрі: 3-1, 3-3: 7 пәтер, максималды көлемі 95,51 ш.м.;
Пәтер түрі: 4-1: 5 пәтер, максималды көлемі 110,69 ш.м.;

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 12-ші қыркүйектен бастап 2017 жылғы 25-ші қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үй тандау кезеңі: 2017 жылғы 12-ші қыркүйектен бастап 2017 жылғы 9-шы қазанға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 2017 жылғы 10-шы қазан.
Ғимарат қасбетінің суреттерін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көруге болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілер тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімінің өтіп кеткен жағдайда Банк Іріктеу үшін құжаттарды қабылдамайды.


қайтару