Жинақ күні
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Банк туралы

БІЗДІҢ БАНК

Әр мемлекеттің өз стратегиялық мақсаттары мен міндеттері бар. Қазақстан үшін әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі — азаматтарды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету. 2000ж. 7 желтоқсандағы "ҚР-да тұрғын үй құрылысы жинағы туралы" ҚР Заңымен реттелген тұрғын үй құрылыс жинақ (ТҚЖ) жүйесінің қалыптасуына экономикалық өсім мен мемлекеттің әлеуметтік бағдары негіз болып отыр.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. ТҚЖ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

2003 жылдың шілде айында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Осы жылдың қыркүйек айында банктің филиал желісін дамыту және салымшыларды тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту бойынша кең көлемді жұмыс атқарылды.

2005 жылы банк алғашқы рет заем берді. Бұл — аралық заем еді. 2006 жылы шығынсыз қызметке көшіп, алғашқы тұрғын үй заемын берді. 2007 жылы Банк Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінен рейтинг алды. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандық банктердің алғашқысы болып ISO9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. Сыртқы тәуелсіз сертификаттау органы бұл сертификатты жыл сайын растап отырады.

Бұдан кейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысу көлемі елеулі түрде кеңи түсті. Оның үстіне, банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді өткізу бойынша жекеменшік құрылысшылармен ынтымақтастық жасаса бастады.

Жүйе жұмыс істей бастағаннан бері 2017 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша Банк жалпы сомасы 4 284 млрд. теңге болатын 1 430 519 ТҚЖ шартын жасады, салымшылар жинағы 477 млрд. теңгені құрайды, 803 млрд. теңге сомасында 157 987 заем берілді.

Банкке Республикалық бюджеттен 69 200 млн. теңге сомасында  кредиттік қаржы  бөлінді,  01.10.2017 жылғы жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 54 284 млн.теңгесі игерілді.

АҚ "Бәйтерек" ҰБХ "-тен Банкке несие шартына сәйкес №120 от 25.03.2016 жылғы қаражат сомасы 22 000 млн теңге бөлінген, 01.10.2017 жылғы жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 9 819 млн.теңгесі игерілді.

Ал тұрғын үй заемын беру мерзімі — 6 жылдан 25 жылға дейін. Айта кететін жайт, мемлекет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне сыйлықақы төлеп, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы ынталандырылатын салым сомасының 20% көлемінде (бірақ 200 АЕК-тен артық емес).

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ сенімділік, сенім, ашықтық және клиенттері әрі 
серіктестерімен өзара қарым-қатынасының жоғары сапасы қағидаттарын сақтай отырып, тұрғын құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін экономикалық тұрғыдан белсенді ел халқының кеңінен қамтылуына ұмтылады.

Банктің ұйымдастырушы құрылымына Алматы қаласындағы Орталық аппарат пен 17 аймақтық филиал кіреді.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Жалғыз акционері — "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі". 

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған.

Негізгі міндеті — жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін (қатысу үлесі) басқару болып табылады. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамыр күнгі № 571 Жарлығына орай даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған. 2014 жылдың соңына қарағанда, Холдинг өзінің аясына 11 еншілес ұйымды біріктірді.
"Бәйтерек" холдингінің маңызды міндеттерінің бірі — Холдинг компаниялары тобының тиімді және бір-бірін толықтыратындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

МИССИЯСЫ
"Стратегия-2050" — де белгіленген мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-бейімделген міндеттерді шешу және онда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру және экономиканың басымдық секторларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету.

КЕЛЕШЕГІ
2023 жылғы Холдинг — Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті болып табылатын, елдің экономикасының әртараптандырылуын, жаңалануын және тұрақты дамуын, мемлекеттің әлеуметтік-бейімделген міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін холдинг болмақ.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ

- Ірі жобаларды және кәсіпорындарды қаржыландыруға, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын даму институттары: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджменті» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ,«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС.

- Инновациялық қызметтің, шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсетіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы іске асырушы институттар: «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

- Жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылысы жинақтары сала-сындағы жобаларды және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға қатыстырылған қаржылық ұйымдар мен ұлттық компаниялар: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ.

"Бәйтерек" ҰБХ" ресми сайты — www.baiterek.gov.kz



АУДИТ

"ПрайсуотерхаусКуперс" ЖСС Аудиторлық компаниясы Банктің 2015–2018 жылдар аралығындағы қаржылық есептілік аудитін жүргізеді, келісімшарттың жалпы сомасы ҚҚС есебінсіз 72 000 000 (жетпіс екі миллион) теңгені құрайды.



БАНК РЕЙТИНГІ

Халықаралық рейтингтік агенттік қазіргі уақытта Банкке төмендегі рейтингтерді меншіктеді.  

20.04.2017ж. Fitch Ratings кредит қорытындысына сәйкес

 Ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитенттің дефолттық рейтингі (ЭДР) 

 BBB-

 "Тұрақты" болжамы 

 Ұлттық валютадағы қысқа мерзімід ЭДР

F3

 "Тұрақты" болжамы

 

28.07.2017ж. Moody’s кредит қорытындысына сәйкес

 Ұлттық валютадағы депозит бойынша ұзақ мерзімді рейтингі

 Baa3 

 "Жағымды" болжамы  

 Ұлттық валютадағы депозит бойынша қысқа мерзімді рейтингі  

P-3

 "Жағымды" болжамы

 
 Кредит төлеу қабілеттілікті базалық бағалау

  Ва2   "Жағымды" болжамы

 


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІК

Еуропалық құрылыс жинақ кассасы федерациясы 
Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағы
Ынтымақтастық туралы меморандум

Халықаралық ұйымдарға мүшелік



ЛИЦЕНЗИЯ

Банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге

Көрсету




Статистика

Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.02.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.03.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.04.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.05.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.06.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.07.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.08.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.09.2017)
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат (01.10.2017)

Мұрағат 2016 (жүктеу)
Мұрағат 2015 (жүктеу)

Сыртқы тексеру жөніндегі ақпарат

12.06.2016 жылғы жоспардан тыс тексеруді белгілеу туралы № 659 Акт негізінде "Алматы қаласы бойынша көші-қон және  еңбек инспекциясы мемлекеттік басқармасы" тарапынан 13.07.2016 ж. - 31.07.2016 ж. мерзімі аралығында еңбек заңнамасы талаптарын орындау мәселелері бойынша Банкте жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 28.07.2016 жылғы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жоспардан тыс тексеру Актіне сәйкес, тексеру қортындысы бойынша еңбек заңнамасы талаптарын бұзу байқалмады.

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) аудиторлық шаралар өткізуіне берілген 04.11.2016 ж. № 30-4-1-Т тапсырма негізінде,  14.11.2016 жылдан 29.12.2016 жылға дейінгі аралықта "Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бөлген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаржысын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит (бұдан әрі – мемлекеттік аудит) жүргізілді.  

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша, Есеп комитетінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі № 6-5-Н ұйғарымы түсті, оған сәйкес 2017 жылғы 01 қазанға дейін "Нұрлы Жол" Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігі мен жас отбасылардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы тарифтік тұрғын үй бағдарламаларының талдауы мен бағалауы шараларын қабылдауға, сондай-ақ  тұрғын үй бағдарламаларының қатысушылары үшін өңірлік үйлеспеушіліктерді теңестіруге бұйрық берілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облыстық Экология департаменті, 2017 жылғы 30 мамырдағы №75 тексеру белгілеу туралы актіге сәйкес, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодесі талаптарының сақталынуын тексеру белгіленді. Тексеру мерзімі: 2017 жылғы 31 мамырдан бастап 2017 жылғы 30 маусымға дейін. Тексерілетін кезең: 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 30 маусымға дейін.

Тексеру нәтижесінде 2017 жылғы 16 маусымдағы № 42 Акт берілді, оған сәйкес, дизельді генератор жұмысының салдарынан қоршаған ортаға шығарылған зиянды заттар нормадан асатындықтан, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Экология Кодексінің 69-бабының 3-тармағын бұзу анықталды. Банктің Қызылорда филиалының лауазымды тұлғасы 34 035,0 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, Экология кодексінің 321-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, тексеруші орган Банкке қатысты 39 628,0 теңге көлемінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы ұйғарым берді. Айыппұл төленіп, ұйғарым орындалды.

Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ 2017 ж. 02 тамыздағы №158 тексеруді тағайындау актісіне сәйкес,  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға 2017 жылдың 04 тамызынан бастап 2017 жылдың 11 тамызына дейін жоспардан тыс тексеру (сәйкес аудиті)  жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша ескертулер мен  бұзушылықтар орын алмады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Алмалы аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексеру жүргізуді белгіледі. Тексеру мерзімі: 2017 жылдың 30 тамызынан бастап 2017 жылдың 30 қыркүйегіне  дейін.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуына кезектен тыс тексеру жүргізуді белгіледі. Тексеру мерзімі: 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2017 жылдың 03 қарашасына дейін. Тексеру кезеңі: 2017 жылдың 01 қаңтарынан 2017 жылдың 24 қыркүйегіне дейін. "


Құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат

Көрсету

Ұйымдастырушылық құрылымы

Көрсету