Әулиеата жастары | Отбасы банк
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ЖАМБЫЛСКАЯ ОБЛАСТЬ

ӘУЛИЕАТА ЖАСТАРЫ

ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Әулиеата жастары

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

1.Бағдарламаға Жамбыл облысында тұратын, жасы 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) барлық азаматтар қатыса алады.

2. Бағдарламаға қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы тиіс;
  • жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте Бағдарламаға қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс. Бағдарламаның негізгі қатысушысы ретінде Бағдарлама бойынша ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана тұрғын үй алуға рұқсат етіледі;
  • бағдарламаға қатысушы өзінің төлеу қабілеттілігін растай алатын болуы тиіс ;
  • бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында айқындалған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде болмауы тиіс (тұрғын үй кезегінде болмауы қажет), өтініш берушінің немесе жұбайының (зайыбының) I, II, III мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттарын қоспағанда;
  • Өзіне немесе отбасы мүшелеріне қатысты бар болған жағдайда мүгедектігі туралы анықтама;
  • «Отбасы банкі» АҚ-да депозиттің болуы (Өтініш берген сәтте);
  • бағдарламаға қатысушының және оның жұбайының (зайыбының) соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй немесе меншік құқығындағы тұрғын үйі (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, отбасының басқа мүшелерімен және туыстарымен бірлескен ортақ үлестік меншігі) болмауы тиіс;
  • бағдарламаға қатысушы соңғы 3 жыл Жамбыл облысының аумағында тұрақты тіркеуде болуы керек;
  • бағдарламаға қатысушының сайтта өтінім беру кезінде өзі таңдаған Жамбыл облысының аумағындағы елді мекеннен (қаладан/ауданнан) ғана тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.

3. Бағдарламаға қатысу талаптары, Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау:

  • Қатысушы өтінім беру процесін жеке электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.
  • Бағдарламаға қатысушы өтінім беру сәтінде өзі жұмыс істейтін саланы және тұрғын үй алуды жоспарлап отырған елді мекенді (қаланы/ауданды) таңдайды.
  • Қатысушы бағдарламаның талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасын жүктей алады, өтінім жібере алады не өтінімді қайтара алады және толықтыру енгізе алады.
  • Қатысушы өтінім беру аяқталған сәтте өзі ұсынған құжаттардың сайтқа жүктелуінің дәйектілігін және дұрыстығын, егер бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе, ол конкурстан шеттетілетінін және жалған құжаттарды ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жауапкершілік көзделуі мүмкін екенін растайды және өзі туралы, бағдарламаға ұсынылған дербес деректерді өңдеуге, ақпараттық пайдалануға, үшінші тарапқа беруге және жариялауға келісім береді.
  • Комиссия қаражат көлеміне қарай құжаттарды толық көлемде және тиісті талаптарға сәйкес берген қатысушыларға Банкке жолдама береді.
  • Қатысушы ұсынған құжаттар Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген немесе іріктеуге қатысу кезеңінде жинақ шотынан ақшалай қаражатты толық/ішінара ала отырып, тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шартты бұзған немесе жұмыс орнын ауыстырған жағдайда өтінім конкурстан шеттетіледі.

4. Қатысушылардың құжаттарын бағалау үшін ұпайларды есептеудің өлшемшарттары:

Бағдарламаға қатысушы заңды түрде тіркелген некенің мәртебесін, өтініш беру кезінде балалардың бар немесе жоқтығын және еңбек өтілін растайтын құжаттар негізінде бағаланады.

Өтінімді толтыру кезеңінде қатысушының заңды тіркелген некеде болған жылдары бойынша:

  • Бойдақ / ажырасқан – 0 ұпай;
  • 0-ден 1 жылға дейін (бір жылға дейін) тіркелген неке үшін – 1 ұпай;
  • 2 жыл немесе одан жоғары тіркелген неке үшін кемінде – 2 ұпай;

Қатысушының балалар саны бойынша:

  • Баласы жоқ / баласы қайтыс болған – 0 ұпай;
  • 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 ұпай;
  • Әрі қарай әрбір келесі бала үшін 1 (бір) ұпайдан қосылады;

Өтініш берушіде немесе жұбайында I, II, III топтағы мүгедектіктің немесе мүгедек балалардың болуы – 10 ұпай. Егер отбасының бірнеше мүшесінде мүгедектік болса, мүгедектігі бар отбасының әрбір мүшесіне ұпайлар беріледі;

Жамбыл облысында «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғандар ретінде өтінім берген азаматтарға жұмыс өтілі 1 жыл – 5 ұпай, жұмыс өтілі толық емес жыл үшін – қызмет саласына қарамастан 3 ұпай есептеледі;

Қатысушының еңбек өтілі (мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметкерлері) бойынша:

  • 0-ден 1 жылға дейінгі (бір жылға дейін) еңбек өтілі үшін – 1 ұпай;
  • Содан кейін еңбек өтілінің әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады;

Қатысушының еңбек өтілі (мемлекеттік мекемеде және т.б. жерлерде жұмыс істейтіндер үшін) бойынша:

  • 0-ден 1 жылға дейінгі (бір жылға дейін) еңбек өтілі үшін – 1 ұпай;
  • Содан кейін еңбек өтілінің әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады;

Ескертпе: азаматтық қызметкерлер, техникалық қызмет көрсетушілер т.б. кіреді.

Қатысушының еңбек өтілі (жеке кәсіпкер болып жұмыс істейтіндер және ЖШС-те жұмыс істейтіндер үшін) бойынша:

  • 3 жылға дейін – 0 ұпай;
  • Содан кейін еңбек өтілінің әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады.

Қатысушының ашылған депозиттері бойынша:

  • 0-ден 1 жылға дейінгі (бір жылға дейін) ашылған депозит үшін – 1 ұпай;
  • Содан кейін әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады.

Ескертпе: Жолдама алған және резерв-ұпайларға алынған адамдардың тізімі ең жоғарыдан ең төменге дейін қалыптасады. Бағдарламаға қатысушылар (резервшілер) жинаған ұпай саны тең болған жағдайда сайттағы уақыт бойынша өтінімді бірінші болып жіберген қатысушыға басымдық беріледі.

Кредит беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы: 15 млн. теңге;
  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының: 10%-ы;
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6% (ЖТСМ 6,1% бастап 6,8% дейін)
  • Қарыз мерзімі:19 жылды қоса алған мерзімге дейін;
  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу.
Өтініш пен құжаттарды беру порталдағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады: e-jambyl.kz

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру