Павлодар қаласындағы 2023 жылға арналған "Ертіс жастары" жастарға кредит беру бағдарламасы | "Отбасы банк" АҚ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ПАВЛОДАР

2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ЕРТІС ЖАСТАРЫ» ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ (ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ)

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • 18 жастан 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар.
  • Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балаларының және т.б., бар болса) Ақсу қаласында кемінде соңғы екі жыл тұрақты үзіліссіз тіркелуінің болуы
  • Бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйінің немесе сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жалға алудың болмауы
  • Ақсу қаласында таңдалған қызмет саласындағы өтініш беру сәтінде кемінде 1 жыл, зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталатын ресми жұмыс өтілі
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады
  • Бағдарламаға келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатысады
    • Денсаулық сақтау - Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ақсу қаласында орналасқан Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, атап айтқанда: «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес, Ақсу қаласында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін тиісті жоғары және орта білімі бар медицина қызметкерлері.
    • Білім беру - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ақсу қаласында орналасқан білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (оның ішінде АҚ және КеАҚ) педагог қызметкерлері.
    • Мәдениет - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ақсу қаласында тіркелген мемлекеттік мәдени ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КеАҚ) бейінді қызметкерлері.
    • Спорт - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ақсу қаласында тіркелген мемлекеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар.
    • Әлеуметтік сала - Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ақсу қаласында тіркелген, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КеАҚ) жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер.
    • Журналистер - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ақсу қаласында тіркелген, тікелей бейіндік қызметпен айналысатын журналистер және БАҚ қызметкерлері.
    • ЖОО мен ҒЗИ - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ақсу қаласында мемлекет 100% қатысатын ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.

Кредит беру шарттары

  • Қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңге;

  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы;

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін)

  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

  • Қарыз мерзімі - 19 жылды қоса алған мерзімге дейін


ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру