«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қалай жүзеге асырады?
Халықтың барлық әлеуметтік топтарын баспанамен қамтамасыз ету кез келген мемлекет үшін басты мәселе болып қала бермек. Тұрғын үй құрылыс жинақтары арқылы оның оңтайлы жолдарына көшкен Еуропа елдерінің қатарына Қазақстанның ілескеніне көп жыл өте қоймаса да, қазіргі таңда бұл жүйенің тиімділігі көрінуде. Баршаны жеке баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне орай, 1 наурыз күні «Тұрғынүйқұры-лысжинақбанкі» АҚ басшылығы БАҚ өкілдерімен кездесті.
Құрылыс нарығына қолдау көрсету және кредит берудің қолжетімділігі – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуындағы жаңа саты болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.
«Сарыарка Самалы» газеті (Павлодар), Мұрат Аяғанов
Келер жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға көптеген жаңа мүмкіндіктер пайда болмақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы мен еліміздің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Агенттігі бірлесіп баспана салу мен оны жинақтар арқылы сату бағдарламасының жаңа сызбасын әзірледі. Үш жыл мерзімді қамтитын жана бағдарлама Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысы өзінің дәстүрлі Жолдауында тұрғындардың барлық тобы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі туралы мақсат қойды. Бұл «шу» дегеннен шешіле қоятын шаруа емес.
Кеше облыс әкімдігі мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталмыш келісім тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы ба:пана салу және сату жобасын бірлесе жүзеге асыруға арналған.
- Елбасы Қазақстан халқына арнаған жыл басындағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тұрғын үй құрылысын дамытудағы жоғары әлеуетін атап көрсетті. Сондай-ақ азаматтар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, мемлекет пен құрылыс компанияларының тең құқықты серіктестігі ұстанымын қолдану қажеттілігін айтты. Осыған орай Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйлерді салу және іске асыру схемасын дайындады....
Елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің (ТҚЖ) жұмыс істеп жатқанына жеті жыл. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – баспана жағдайын жақсартуды мақсат тұтқан республика тұрғындарына төмен пайыздармен заем беру арқылы көмекке келетін еліміздегі ТҚЖ жүйесіндегі жалғыз банк. Аз ғана уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің республикамыздың барлық аймағында филиалдары ашылғанын да айта кету керек. Бүгінгі таңда Банктің тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім-шарт жасасқан 200 мыңдай салымшысы бар. Ал шарттық сома 300 млрд. теңгеден асады.
Баспаналы болу – қай кезде де адамзат баласы үшін басты мәселелердің бірі болып қала бермек. Біреулер отбасын құрып, жеке шаңырақ көтергісі келсе, біріміз пәтерімізді тар санап, кеңейтудің жолын іздейміз, тағы біреулердің қартайғанда немереміз ауласында асыр салып ойнайтын үйіміз болса ғой деп армандайтыны рас. «Үй болмай – күй болмайды» дегендей, елімізде осыдан 7 жыл бұрын аталмыш мәселені реттеу, азаматтарға төмен пайызбен несие беру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрылған еді. 7 жыл ішінде қанша адам тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысы атанды, қанша салымшыға заем берілді? Пәтер сатып алып, баспана тұрғызып, пәтерін кеңейткісі келетіндердің көкейіндегі көп сауалды «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Басқарма Төрайымының орынбасары Нұржами АЛТЫНСАҚА ханымға қойған едік.
Жуырда маған редакцияға сонау Шығыс Қазақстан облысының аудан орталығында ұстаздық етіп жүрген бұрынғы сыныптасым хабарласып: «Маған сенің көмегің қажет болып тұр. Біз үй салайық деп едік, қаражат жағы, өзің білесің, қиындау болып тұр... Мен қажетті соманың жартысын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жинақтап, қалған жартысын төмен пайызбен займ ретінде алуға болады деп естідім. Ал бізде ондай банк жоқ. Осының жай-жапсарын біліп берші. Сендерге, журналистерге барлық жерде есік ашық қой» дегені.
Талайдан берi жаңа пәтердi аңсап, керегесiн кеңейтудi көксеп жүрген бiр танысыма «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне» қарай жол сiлтеп жiбердiм. Неге дейсiз бе? Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнен тұрғын үй заемымен қатар, алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алуға мүмкiндiк бар. Мұндай заемдар алу арқылы жаңа пәтерге қатысты мәселенi тез арада шешiп аласыз және сарылып ұзақ күтпейсiз.