Наурызбаева Нұрбибі Серекхажиевна
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрайымы
1984 жылы Алматының Халық шаруашылығы институтын қаржы және кредит мамандығы бойынша үздік бітірген. Сонымен қатар, Еуропаның және Қытайдың қаржылық институттарында білім көтеру және тәжірибе жинақтау курстарынан өткен.
Өз қызметінде кредит беру және қаржыландыру мәселелерімен айналысты, бірнеше қаржылық және коммерциялық компанияларды/банктерді басқарды.
Ұлттық Банкте жұмыс істеген жылдарында Банктік қадағалау департаментін, Бақылау және аудит департаментін, одан кейінгі жылдары – Ішкі аудит департаментін басқарды. Екінші деңгейлі банктер қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қадағалау бойынша нормативтік базаны әзірлеуге белсенді түрде атсалысты. Оның басшылығымен Ұлттық Банктің ішкі аудитінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін нормативтік-әдістемелік базасы әзірленді және енгізілді.
Нұрбибі Серекхажиевнаның бастамасы бойынша бүгінгі күнге дейін табысты жұмыс істеп келе жатқан ТМД елдерінде ішкі аудитті енгізу және дамыту бойынша тәжірибе алмасу үшін Орталық банктердің ішкі аудиторларының Координациялық Кеңесі құрылды.
2003 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарады, Басқарма Төрайымы және Директорлар Кеңесінің мүшесі болып табылады. Оның тікелей басшылығымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ISO 9001:2000 стандарттарына көшкен бірінші қазақстандық банк болып табылады.
«Астананың 10 жылдығы» медалімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды, «Кредит және лизинг» номинациясы бойынша «Жыл кәсіпкері» ұлттық байқауының жеңімпазы болып танылды. 2011 жылдың 5-ші желотқсанындағы Президенттің №188 Жарлығы бойынша ҚР экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Наурызбаева Н.С. мемлекеттік награда «Құрмет» орденімен марапатталды, сондай-ақ ҚР қаржы жүйесін дамытуға қомақты үлес қосқаны үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің құрметіне 2011 жылғы 7 желтоқсанда Басқарма Төрайымы Наурызбаева Нұрбибі Серекхажықызы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» ведомстволық наградасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда сіңірген елеулі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Утегулов Мәулен Амангельдиевич
Басқарма Төрайымының орынбасары
1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ Ұлттық техникалық университетін бітірген.
1996–2007 жж. аралығындағы кезеңде Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген. Қазынашылық комитетінің мемлекеттік бағалы қағаздар және ішкі қарыз бөлімінің аға, соңынан бас қазынашысы, Бюджеттік департаменттің бөлім бастығы, Макроэкономика және қаржылық статистика басқармасының бастығы, Департамент директорының орынбасары, Мемлекеттік бюджет департаменті директорының, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаментінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын иеленді.
2007 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары болып жұмыс істейді.
1998 жылы экономикалық жоспарлау және басқару (Корея Республикасы, Сеул, KOICA), макроэкономикалық саясат (Сингапур, МВФ институты, 1999ж.), статистика МВФ «GDDS – мәліметтерді таратудың жалпы жүйесі» (Вена қ., Австрия, JVI, 1999 ж.) бойынша оқу курстарында тәжірибеден өтті. Қаржы секторын, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реформалау бойынша семинарларға қатысты (1997, 2002 ж., Түркия, Стамбул қ., OECD), Менеджмент және бюджет офисінде (Вашингтон, АҚШ, 2005ж.) тәжірибе алмасуға қатысты. 2008 ж. ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алды.
«Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» және «Конституцияның 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Экономика және и бюджеттік жоспарлау министрінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Құрмет кітабына енгізілген.
Алтынсақа Нұржами Қалықбайқызы
Басқарма Төрайымының орынбасары
1982 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политихникалық институтын «Басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және Кредит» мамандығы бойынша бітірген.
1982 жылдан 2007 жылға дейін әр түрлі лауазымдарды иеленді, ССРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық Есептеу орталығында инженер, Тұрғын үй әлеуметтік банкінде бас инженер, ССРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі басқармасының Алматы облыстық есептік-операциялық аппаратында экономист, Кредиттік бөлімнің бастығы, «Интеринвест» Банкінің Операциялық Басқармасы бастығының орынбасары, «Түрік-Қазақ Халықаралық Банкі» ЖАҚ Бас басқарушысының бірінші орынбасары, Аудит бөлімінің бастығы, Ұлттық Банктің Ішкі аудит департаментінің ҚҰБ филиалдары мен ұйымдарының аудит басқармасының бастығы, Ұлттық Банктің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2007 жылдың наурызынан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Төрайымының орынбасары болып табылады.
Өзінің еңбек қызметі кезеңінде халықаралық есептілік, ішкі аудит, ақпараттық технологиялар аудиті, ТМД-ғы, шет елдердегі (Ресей, Франция, Германия, Латвия, Армения, Литва ) және Қазақстандағы (Алматы, Астана) мемлекеттік қызмет сапасының стандарттары бойынша білім көтеру және тәжірибе жинақтау курстарынан өтті. ҚР қаржы жүйесін дамытуға қомақты үлес қосқаны үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің құрметіне Басқарма Төрайымы орынбасары Алтынсақа Н.Қ. Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Егеубаева Сәуле Асқаровна
Басқарма Төрайымының орынбасары
Егеубаева Сауле Аскаровна 1998 жылы Алматы қ. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Халықаралық деңгейдегі экономист» біліктілік дәрежесін иелене отырып, үздік бітірген. 1997 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Оснабрюк қ. (Германия) Жоғарғы мектепте «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша неміс стипендиялық бағдарламасымен оқыған.
Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін 1999-2002 жж. Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының Экономика институтының аспирантурасында оқыған.
С.А. Егеубаева еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ішкі аудит департаментінде жетекші маман лауазымынан бастаған, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Жоғарғы Аттестациялық комиссиясының шешімі негізінде Ішкі аудит департаментінің бас маманы лауазымына ауыстырылды, онда 2003 жылға дейін қызмет етті.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Егеубаева С.А. 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметін Банк өнімдерін дамыту басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан бастады. 2004 жылы Егеубаева С.А. банк өнімдерін әзірлеу, енгізу, дамыту және сипаттау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша лауазымдық міндеттерімен осы Басқарманың бастығы лауазымына ауыстырылды.
2007 жылы Егеубаева С.А. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарушы директоры, 2008 жылдан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы төрайымының орынбасары, 2009 жылдың маусымынан Басқарушы директор, ал 2011 жылдың қыркүйегінен бастап "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары болып қызмет атқарады.
Баилов Талғат Абдуллаевич
Басқарма Төрайымының орынбасары
Баилов Талғат Абдуллаевич 1992 жылы «Темір жол көліктерін электрификациялау» мамандығы бойынша Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын, 1997 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ тұтынушылық кооперация институтын бітірді.
Баилов Т.А. өз еңбек жолын 1992 жылы Тың темір жолын электрмен жабдықтау жөніндегі Павлодар дистанциясында бастаған. 1994 жылдан бастап 1999 жылдар аралығында «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалында жеке және заңды тұлғаларға кредит беру бөлімінің бастығы лауазымында қызмет істеді. «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалында жұмыс істеген кезеңде халыққа ипотекалық және тұтынушылық кредит беру практикасын енгізді.
1999 жылдан бастап 2005 жылдар аралығында ҚР Ұлттық Банкінің Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Банктерді және басқа қаржы ұйымдарын тарату бөліміне, қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөліміне, әкімшілік-шаруашылық бөліміне жетекшілік етті. Осы жұмыстар барысында ол проблемалы банктер мен қаржы ұйымдарының кредиторларымен арадағы күрделі міндеттерді, сондай-ақ жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметінен туындайтын мәселерді шешумен айналысты.
2005 жылдан бастап 2011 жыл аралығында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Павлодар ОФ директоры қызметін атқарды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалының ашылуын және қалыптасуын ұйымдастыруға басшылық жасады. Павлодар облысында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізу және қалыптастыру, аталған жүйенің жұртшылық арасында танымал болуы мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастырды.
2011 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары болып жұмыс істейді.
Банктің дамуына қосқан үлесі, Банк қызметіндегі өнімді және белсенді жұмысы, қойылған міндеттерді шешудегі кәсібилігі және шығармашылық бастамасы үшін бірнеше рет Банк басшылығының марапатына ие болды: Банк Басқармасы Төрайымының алғысы (2008ж., 2009ж.), Банк Басқармасы Төрайымының Құрмет грамотасы (2010ж.).
2009 жылы Т.А. Баилов басқаратын филиал жұртшылықпен тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасау, заемдар беру бойынша негізгі көрсеткіштерді орындағаны үшін «Банктің үздік филиалы» кубогымен марапатталды.
Сапарбаева Айнұр Сұлтанмуратовна
Басқарушы директор
1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Менеджментті Басқару Академиясын, «экономист» мамандығы бойынша «Қаржы және Кредит» факультетін бітірді.
1999 жылдан бастап банк жүйесінде.
1999 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Халықаралық есептеулер және корреспонденттік қатынастар департаментінің аға маманы (1999ж.-2001ж.), басқарманың банктік заемдарға контроллинг жүргізу бөлімінің жетекші, бас маманы (2001ж.-2002ж.), Корпорациялармен жұмыс жүргізу департаментінің жобаларды қаржыландыру басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (2002ж.-2006ж.) лауазымдарында жұмыс істеді.
2007 жылдың наурызынан бастап – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары, 2011 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарушы директор болып қызмет атқарып келеді.
2001 – 2006жж. бастап «IFTA» Халықаралық қаржылық оқыту академиясында (Вена, Австрия) курстан өтті, Лондондағы бизнес мектебін бітірді, «Master in Finance» дәрежесінің иегері.
Халықаралық Бизнес Академиясының «Компанияның қаржылық ахуалын бағалау» тренингіне, «Компанияның бухгалтерлік және қаржылық есебі» семинарына қатысқан.
Артықбаев Марат Агабекович
Басқарушы директор
1979 жылы «Өндіріс кәсіпорындары мен қалаларды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді, 1984ж. қауіпсіздік органдарының оперативтік қызметкері мамандығы бойынша Минск қ. ССРО МҚК жоғарғы курсын, 1995 жылы Мәскеу қ. «Банк ісі» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясының Қаржылық-банктік мамандықтар бойынша кадрларды қайта дайындау және біліктілігін көтеру институтын бітірді.
Өз еңбек жолын 1979 жылы бастады. 1983 ж. бастап 2002 ж. аралығында оперуәкілетті қызметкерден бастап ҚР ҰҚК облыстық департаменті бастығының м.а. лауазымына дейін Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің оперативтік бөлімшелерінде қызметтен өтті. 2002 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК ЖАҚ Тексерулер департаментінің Тексерулер басқармасының бастығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК ЖАҚ Солтүстік өңірінің қаржылық тексеру бөлімінің бастығы, ҚР ӘМ ҚАЖ Комитетінің «Еңбек Алматы» РМК өндіріс жөніндегі директорының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.
Артыкбаев М.А. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да 2008 жылғы мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Банк қызметіне белсене араласқаны үшін бірнеше рет Банк басшылығы тарапынан марапаттауларға ие болды.
Артыкбаев М.А. Банк ісі бойынша «Банктік қызметті қадағалау» (Стамбул қ., Түркия), «Экономика саласындағы қылмыспен күрес» (АҚШ) тақырыптарында халықаралық семинарлық курстарда қосымша оқудан өтті, 2009 жылы «Қауіпсіздік қызметінің басшысы» (Мәскеу), «Басқару тиімділігі, жұмысты жоспарлау, үрдіске өкілеттік беру, ынталандыру және бақылау», «ИСО 9001:2008 ХС халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу дағдылары» тақырыптары бойынша курстардан, 2010 ж. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау», «Меншік иелерінің құқықтарын қорғау: компания менеджерлерін жауапкершілікке тарту» тақырыптары бойынша курстардан өтті.
2011 жылдың қазан айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымынан Банктің Басқарушы директоры лауазымына ауыстырылды.