«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүргізуге Банк салымшыларына тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын береді, атап айтқанда:
құрылыс (жер телімін сатып алуды қосқанда), тұрғын үй сатып алу, соның ішінде, жақсарту мақсатымен оны алмастыру жолы;
тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алу, мердігерлік жұмыс ақыларын қосқанда);
тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралармен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеу;
Банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқа жарнаны енгізу.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50%-ы қолында бар немесе көрсетілген соманы мерзімінен бұрын жинақтаған клиенттер «Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемын пайдалана алады.
Алдын ала тұрғын үй заемы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын алдын ала жинақтаусыз беріледі, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын жинақтау алдын ала тұрғын үй заемы жөніндегі сыйақыны өтеумен бір уақытта жүзеге асырылады.