Маркетингтік стратегия
Банктің негізгі міндеті – халықтың тиісті талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті өнімді ұсыну. Зерттеулер мен есептеулер негізінде біз өз клиенттерімізге талап етілген банктік қызметтерді әзірлеп, ұсынамыз және жаңа үлгідегі банктік технологияларды қолдана отырып, қызмет ету сапасын жақсартамыз. Стратегияны іске асыру аясында қызмет беру сапасын басқарып бақылайтын жүйе құрылды. Банк нарыққа өз қызметтерін өткізу арналарын бұдан әрі дамытып, өз өнімдерін ілгері бастыруға бар күшін салуға ниетті.
Қызмет аумағын ұлғайту
Банктің аймақтық саясатына сәйкес Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өз филиалдары бар. Еліміздің барлық халқына қызмет көрсету мүмкіндігін ұлғайтуда нысанаға алынған кезектегі дамуы: әрбір қалада халыққа қызмет көрсететін, сондай-ақ, Банк клиенттеріне мол ақпараттар мен кеңес беретін орталықтар ашу.
Операциялық стратегия
Банк бизнес-үрдіс шығындарын барынша азайтып, Банктің басқару сапасын жақсартатын тиімділігі өте жоғарғы ұйымдастырушылық құрылымдармен қатар клиенттерге қызмет етудің толық циклін қамтамасыз ететін корпоративтік бизнес жүйесін құру бағытында жұмыстар атқаруда. Банктің бұдан әрі дамуы бизнес үрдісті оңтайландыру және сапалы жетілдіру арқылы Банк қызметтерінің тиімділігін көтеруге бағытталды. Алға қойған стратегиялық міндеттемелеріне жету үшін банктің жүйелі инновациялық, ақпараттық дамуы, банк тәуекелдерін бағалау жөніндегі қызметтердің дамуы, клиенттермен жұмыс жүргізу, маркетинг және жарнама, банк активтері мен міндеттемелерін басқару, банктің кадрлық саясаты, ішкі аудит жүйесі және аймақтық дамуы болжанады.
Қаржылық стратегия
Біз Қазақстанның ең сенімді банктерінің бірінің атағын иеленуді ниет қылдық, сол себепті ерекше назарымыз Банк қызметтерінің ақпараттық ашықтығына және қаржылық мөлдірлігене бөлінеді. Біздің бұдан әрі дамуымыз Банкің тұрақты қаржылық жағдайға жетуіне және нарықтық құнының өсуіне бағытталады.
Инновациялық даму стратегиясы
Ерекше назарымыз бизнес-үрдістерді автоматтандыруға алып келетін, Банктің ақпараттық технологиясын дамытуға бөлінді, және нәтижесінде ұсынылатын қызметтердің құнын және сапасын оңтайландыру құрметіне Банктік бәсекеге қабілеттілігі артады. Ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың мақсаты – Банкке жүктелген қызметтерді жақсарту және тапсырмалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету.
Кадрлық саясат
Қызметкерлерді басқару саласындағы Банктің негізгі міндеті – Банкті алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді тәжірибелі орындайтын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Стратегияны іске асыруда Банктің барлық бөлімшелері үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін анықтау, Банк алдында тұрған стратегиялық міндеттерге сәйкес кадрларды іріктеу, оқыту, аттестациялау және орналастыру, сондай-ақ, қызметкерлерді бағалау және ынталандыру жүйесін құру секілді мәселелер шешуді өзіне алады. Барлық қызметкерлер үшін бірыңғай корпаративтік құндылықтарды қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Корпаративтік мәдениетті дамыту, командалық рухты тәрбиелеу, алға қойылған мақсаттарға жеткізуге талпынатын пікірлес ұжымды қалыптастыру қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды кезең болып табылады.