|
Басты > Банк туралы ақпарат > ТАРИХ
![]() Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ТАРИХ
Тарих
2000
2003 Банктің Құрылтайшысы және Акционері – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. Банк алғаш рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады.
2004 ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы №715 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-III ҚР заңы арқылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес салық салынатын табыстан шегерілімдерге ҚР резиденті – жеке тұлғалар тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен ҚР аумағында тұрғын үй салу немесе сатып алуға, жөндеуге алған тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сома жатқызылды. Аймақтық құрылымды дамыту: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 ЕКБ.
2005 Сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңына мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасын 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту туралы өзгеріс енгізілді. Жаңа «25/75 (мемлекеттік)», «25/75», «50/50 А, «50/50 Б», «50/50 В» тарифтік бағдарламаларын енгізу. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы заемын беру. Қазанда Банк «Экспожылжымайтын мүлік» көрмесі аясында «Жылжымайтын мүлік нарығында жаңашыл идеяларды көтергені үшін» номинациясымен марапатталды. Банктің №254 банктік және банктер жүзеге асыратын басқа да операцияларды ұлттық әрі шетелдік валютада жүргізуге арналған және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияларды алуы. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «В», «К» және «Р» санаттары бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүшелігіне қабылдануы. «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасау. Аймақтық құрылымды дамыту: 11 филиал, 2 ЕКБ.
2006 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасындағы қосымша Агенттік келісімге қол қою. Келісім аясында «Қазпошта» АҚ пошталық байланыстың облыстық филиалдары мен аудандық тораптарында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан шарттар жасау бойынша агенттік қызметтер көрсетеді. Банк жаңа «Жеңiл» кредит беру бағдарламасын енгізді. Банк клиенттеріне тарифтік бағдарламалар бойынша алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру. Аймақтық құрылымды дамыту: 15 филиал.
2007 Қазақстан Республикасының Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің Банкке қаржылық агенттік мәртебесін беруі, ол Банкке мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қатысу құқығын береді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қазақстандық банктерден бірінші болып ISO 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алуы.
«ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертурлер мен толықтырулардың енгізілуі, олардың аясында: «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертулердің күшіне енуіне сәйкес жаңа «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламаларын енгізу. «Қазақстан ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-мен Бас келісімді қайта жасау. Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленуі. «Цесна Банк» АҚ-мен агенттік қызметтер көрсету туралы шарттың жасалуы. Банктің жаңа қызмет – алдын ала тұрғын үй заемын енгізуі. Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы алдын ала тұрғын үй заемын беру. Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банкке ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Baа2» ұзақ мерзімді рейтингін, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Prime-2» қысқа мерзімді рейтингін, Банктің қаржылық тұрақтылығының (BFSR) Е+ рейтингін беруі. Барлық рейтингілер бойынша болжам – «тұрақты». Аймақтық құрылымды дамыту: 16 филиал.
2008 Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банк рейтингілерін растауы. Аймақтық құрылымды дамыту: 17 филиал.
2009 Банк клиенттерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасын іске қосу. Moody’s рейтинг агенттігінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша Банктің кредит рейтингін Baa3/P-3 деңгейінде растауы. 20 тамыздан бастап Банктің жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығының Банктегі Сапа менеджменті жүйесін қолдаудың ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес әрекет етуі мен дамуын растауы. Банктің Теңестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізуді бастауы. Аймақтық құрылымды дамыту: 18 филиал.
2010 Банктің 2008-2010 МБ іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен кредиттік шартқа қол қоюы. Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкес болуын растау. Moody’s рейтинг агенттігінің Банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін Ba1/ Not prime деңгейінде белгілеуі. Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен ниеттер туралы келісімдерге қол қоюдың басталуы. Банк клиенттері үшін кредит беру талаптарын жақсарту. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру. Алматы қаласында Банктің Қызмет көрсету орталықтарын ашу. Банктегі тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) әзірлеу мен енгізу жұмысының басталуы. ТҚЖ қатысушыларының 200 мың адамдық санына қол жеткізу. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына берілген заемдарды қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жоспарының қолданылу мерзімін ұзарту. 2010-2014 жылдарға арналған ҚР-дағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою. 100 млрд. теңге Банк активтеріне қол жеткізу. Аймақтық құрылымды дамыту: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қаласында 3 Қызмет көрсету орталығы.
2011 2011 жылғы 13 сәуірден бастап Банктің жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 Жарғысын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 23 қазандағы №1224 қаулысына сай Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығы берілді.
2011 жылғы 23 қарашадан бастап Банктің жалғыз акционері – ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі. |
Дауыс беру
Санақ
01.01.2012 ж. жағдай бойынша
525,97 млрд. теңге сомасына ҚҰБ бағамы
KASE Курсы
Ауа-райы
7 Ақпан 2012
USD
148.72
0
EURO
195.52
0
RUB
4.92
0
6 Ақпан 2012
USD
148.66
-0.06
EURO
190.60
-1.75
RUB
4.9332
+0.0049
7 Ақпан 2012
Астана-17 °C
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз
Алматы-9 °C
Көшпелі бұлтты, аздаған қар |
Байланыстар
Жұмыс уақыты
Жұмыс күндері - 9.00-ден 18.00-ге дейін Түскі үзіліс - 13.00 - 14.00 Сырғымалы кесте Сенбі - 10.00 - 14.00 Демалыссыз Жексенбі - Демалыс |
|
© 2008. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Барлық құқықтары қорғалған. |
|