7 Ақпан 2012
     Русский
      Іздеу  Іздеу      Хат жазу  Хат жазу
Басты  >  Жаңалықтар   >  Жарияланымдар, БАҚ 

Жарияланымдар, БАҚ

14 Қазан 2011

Жәрдемді жұрт сезіне бастады

          "Айқын" газеті, Алма Мұхамеджанова

          2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының бағдарламасын Үкімет ағымдағы жылдың наурыз айында бекітіп, алдағы уақытта екі ең үлкен маңызды мақсатқа жетуді көздеді. Біріншіден, жыл сайынғы тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейін 6 млн шаршы метр деңгейінде ұстап тұруға қолдау көрсету, екіншіден, нарықтағыдан төмен баға бойынша мұндай тұрғын үйлердің қазақстандықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы маңызды екі мақсатты жүзеге асыруда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ бағдарламаның екі бағыты бойынша да негізгі оператор болып белгіленді.
 


28 Шiлде 2011

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жарты жылдықты қорытындылады

          «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» биылғы жылдың соңына дейін жергілікті әкімдіктермен біріге отырып, 743 пәтерлі үй салуды жоспарлап отыр. Келесі жылы бұл сан 1295 пәтерге жетеді. Бүгін баспасөз мәслихатын өткізген банк басшылары банктің бірінші жарты жылдық жұмысын қорытындылады.


8 Шiлде 2011

Тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері

          «Егемен Қазақстан» газеті, Ибраһим КАППАСОВ

          Қазіргі таңда баспаналы болу көптеген қазақстандықтар үшін көкейкесті мәселеге айналып отыр. Әрине, баспана алудың бірқатар жолдары бар, соның ішінде несиелеу және ипотека орын алуда. Алайда, сан түрлі ұсыныстардың ішінен тәуекелдік, баға және басқа тұрғыдан қарағанда ең тиімдісі мен қолайлысын таңдаған абзал. Бұл сауалда серіктес банкті таңдауға аса көңіл аударылады, өйткені, сіз онымен бірге, былайша айтқанда, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін жайғастырасыз.


27 Мамыр 2011

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жаңа ұсынысы

          «Егемен Қазақстан» газеті, Айнаш ЕСАЛИ

          Көктем – сан алуан үміттер мезгілі, бұл кезеңде көп адамдар өз арманын орындауға немесе ең болмаса жақындатуға талаптанады. Өз үйіңіз немесе пәтеріңізді сатып алу үшін, әрине, көп қаражат керек екені анық, дегенмен, өз баспанаңызды сатып алуға алғашқы қадам жасау үшін ақша жинауды қазірден бастаған абзал. Сол үшін арнайы өз клиенттеріне «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау комиссиясын біршама арзандатуды көздеп, сәуірдің 1-нен мамырдың 31-і аралығында өтетін «Екінші шарт – екі есе арзан» атты акциясын ұсынып отыр. Осы акцияның арқасында банк клиенті өз қаражатын үнемдей отырып, тиімді пайдалана алады.


13 Сәуip 2011

Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА: Тұрғын үй бағдарламасының қабылдануы - қолжетімді баспана салуға нақты қадам

            «Айқын» газеті, Ершай ӘЗІРЕТ

          - Халықтың белгілі бір бөлігіне арналған алдыңғы мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларына қарағанда бұл бағдарламаға еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Алайда алдымен екі бағыттың іске асырылу жүйесін түсіну қажет. Бұл 2011 - 2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысудың ыңғайлы жолын таңдауға сеп болады. Алғашқы бағытты іске асырушылар - жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Сондықтан да бұл бағыт бойынша баспананы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар ғана ала алады. Бізбен тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасап, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есепшот ашқан және нысанды пайдалануға берген сәтте шарттық соманы алу талаптарын орындаған салымшылар басымдылыққа ие болады. Дегенмен бұл мүмкіндік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жаңадан шарт жасасқандарға да беріледі. Себебі Тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мерзімі - 2011 - 2014 жылдар, ал біздің банкте жинақтаудың ең аз мерзімі - үш жыл. Сонымен қатар банк салымшылары тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалысымен берілетін алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемын ала алады, - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА


6 Сәуip 2011

Жаңа пәтер жаңа бағдарламамен

          «Қазақстан» телеарнасы, Ерденбек Жылқайдарұлы

         2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында биыл Батыс Қазақстан облысында 90 отбасы қоныс тойын тойлайды. Ал жалпы 2014 жылға дейін өңірде 1 200 пәтер пайдалануға берілмек. Қазір Орал қаласында көп қабатты 4 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұйырса, бұл 360 пәтер үй кезегіне алынған жас шаңырақтар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне беріледі.


14 Наурыз 2011

Барша баспаналы болсын

          «Егемен Қазақстан» газеті, Айнаш ЕСАЛИ  

          «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қалай жүзеге асырады?

          Халықтың барлық әлеуметтік топтарын баспанамен қамтамасыз ету кез келген мемлекет үшін  басты мәселе болып қала бермек. Тұрғын үй құрылыс жинақтары арқылы оның оңтайлы жолдарына көшкен Еуропа елдерінің қатарына Қазақстанның ілескеніне көп жыл өте қоймаса да, қазіргі таңда бұл жүйенің тиімділігі көрінуде. Баршаны жеке баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне орай, 1 наурыз күні «Тұрғынүйқұры-лысжинақбанкі» АҚ басшылығы БАҚ өкілдерімен кездесті.


14 Наурыз 2011

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер

          Құрылыс нарығына қолдау көрсету және кредит берудің қолжетімділігі – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуындағы жаңа саты болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.


21 Желтоқсан 2010

Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі

          «Сарыарка Самалы» газеті (Павлодар), Мұрат Аяғанов

          Келер жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға көптеген жаңа мүмкіндіктер пайда болмақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы мен еліміздің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Агенттігі бірлесіп баспана салу мен оны жинақтар арқылы сату бағдарламасының жаңа сызбасын әзірледі. Үш жыл мерзімді қамтитын жана бағдарлама Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.


21 Желтоқсан 2010

Тұрғын үй құрылысында тежеу болмайды

          «Айкын» газеті, Бейбіт Бөжен

          Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысы өзінің дәстүрлі Жолдауында тұрғындардың барлық тобы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі туралы мақсат қойды. Бұл «шу» дегеннен шешіле қоятын шаруа емес.


 

[Banner 120x90 ]
 


(Ctrl+Enter)  
 

Дауыс беру
Санақ
01.01.2012 ж. жағдай бойынша

525,97 млрд. теңге сомасына 
283 945 шарт жасалды

Салымшылардың жинақтары
72,6 млрд. теңгені құрайды

113,4 млрд. теңге сомасында 
37 238 заем берілді

ҚҰБ бағамы
KASE Курсы
Ауа-райы
7 Ақпан 2012
USD
148.72
0
EURO
195.52
0
RUB
4.92
0
6 Ақпан 2012
USD
148.66
-0.06
EURO
190.60
-1.75
RUB
4.9332
+0.0049
7 Ақпан 2012
Астана-17 °C
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз
Алматы-9 °C
Көшпелі бұлтты, аздаған қар
Байланыстар
Жұмыс уақыты
Жұмыс күндері - 9.00-ден 18.00-ге дейін
Түскі үзіліс - 13.00 - 14.00 Сырғымалы кесте
Сенбі - 10.00 - 14.00 Демалыссыз
Жексенбі - Демалыс
© 2008. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Барлық құқықтары қорғалған.
Valid HTMLDesign by DG