18 Мамыр 2012
     Русский
      Іздеу  Іздеу      Хат жазу  Хат жазу
[Banner 480x60 ]
Басты  >  Жаңалықтар   >  Жарияланымдар, БАҚ  >  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер

          Құрылыс нарығына қолдау көрсету және кредит берудің қолжетімділігі – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуындағы жаңа саты болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

          «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына үндеуінде Мемлекет Басшысы тұтас алғанда тұрғын үй құрылысының дамуында жоғары әлеуетке ие болып отырған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің орнын ерекше атап көрсетті.

          Бұл кездейсоқ жайт емес. Қолданылып келе жатқан уақыт ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі өз тиімділігін толық дәлелдеп берді. Қазақстандықтар аталған жүйенің: кредит беру қолжетімділігі мен мемлекет тарапынан қолдау көрсету сияқты бәсекелік артықшылықтарын әлдеқашан бағалап қойған. Бүгінгі күні бұл жүйенің еліміздегі жалғыз операторы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жалпы шартты сомасы 375 млрд. теңгеден астам 220-ға жуық тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары жасалып, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жалпы сомасы 85 млрд. теңгеге 28 мыңнан астам заем берілген.

          Экономиканың дамуы мен мемлекет тарапынан жұртшылықтың әлеуметтік мүдделерінің қорғалуы 2011-2013 жылдары Әкімдіктердің арзан баспана салуын және кейіннен оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар арасында жүзеге асыруды көздейтін 2011-2014 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының салалық бағдарламасының әзірленуіне басты түрткі болды.  

          Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін баспана салу Қазақстанның барлық өңірлерінде қамтамасыз етілетін болады. Аталған құрылыстарды қаржыландыруға Әкімдіктерге 80,84 млрд. теңге бөлінгелі отыр.

          Аталған бағдарламаға мемлекеттің қатысуы пәтер құнын шектеуге мүмкіндік туғызып, құрылысты салушы компаниялардың алыпсатарлық әрекеті мен коммерциялық кредит беру нәтижесінде бағаның аспандатылуына жол бермейді. Қазірдің өзінде мұндай үйлердің бағасы белгіленіп қойған: Алматы қаласы үшін таза әрленген 1 ш.м. үшін сату бағасы 142,5 мың теңгені құраса, Астана және Ақтау қалалары үшін 112,5 мың теңге, басқа облыс орталықтары үшін 90 мың теңгені құрайтын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін барлығы 800 мың ш.м. тұрғын үй немесе пәтердің орташа ауданы 60 ш.м. деп есептегенде, 13 мыңнан астам пәтер салу жоспарланып отыр. 

          Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы құрылыс салу және сату механизмі мынадай. Әкімдіктер мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында тұрғын үй құрылысының әрбір объектісі бойынша әріптестік туралы тиісті шарттар жасалатын болады, оларда тұрғын үйдің негізгі техникалық сипаттамалары, атап айтқанда: орналасатын орны, класы, қабаттылығы, пәтерлердің саны, пәтерлердің ауданы, таза әрлеу параметрлері және т.б. нақты белгіленетін болады. Мұндай жағдайда, тұрғын үй салу және жүзеге асыру бойынша әріптестік туралы шартта сондай-ақ таза әрленген  1 ш.м. тұрғын үйді сату құны, құрылыстың сапасын, құрылысты және тұрғын үй объектісін пайдалануға беру  мерзімдерін қамтамасыз ету бойынша Әкімдіктің міндеттемесі, тұрғын үйді сатып алушылардың пулдарын қалыптастыру және оларға кредит беру бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің міндеттемесі белгіленеді.

          Әріптестік туралы аталған шарттар жасалғаннан кейін Әкімдіктер тікелей  тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін тұрғын үй салуға кіріседі,  ал банк өз салымшыларының ішінен болашақ тұрғындардың пулдарын қалыптастыруды бастайды. 

          Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін салынған тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сатып алушылардың қалыптастырылған пулына қатысушылар арасында пәтерлерді бөледі және Әкімдіктерге өз кезегінде аталған тізімдер негізінде банк салымшыларымен сатып алу-сату шарттарын жасайтын тізімдерді береді. Мұндайда, тұрғын үйді сатып алуды банк сатып алынатын пәтерлерге төлем жасау шотына сатып алушылардың пулға қатысушылардың жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының және олар алған тұрғын үй заемдарының сомаларын Әкімдіктерге аудару жолымен жүзеге асыратын болады.

          Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін тұрғын үй құрылысының басталғандығы, салынып жатқан баспана және пулға қатысу талаптары туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білуге болады. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де міндетті түрде өз салымшыларын сатып алушылардың пулына қатысу мүмкіндігі туралы алдын-ала хабарландырады.

          Аталған сызба тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың тәуекелін іс жүзінде жоққа шығаратындығымен бағалы. Біріншіден, құрылысты Әкімдіктер іске асырады, ал бұл тұрғын үйдің салынатынына және пайдалануға берілетініне кепілдік береді. Екіншіден, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының ақшалары құрылысты қаржыландыруға жұмсалмайды және тиісінше, сақтаулы тұрады, себебі сатып алушылар пулына қатысушылар сатып алынатын пәтерлер үшін төлемді тек таза әрленген тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін ғана жүзеге асырады және меншік құқығын рәсімдейді. Үшіншіден, тұрғын үй заемдары бойынша төмен сыйақы мөлшерлемелерін ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың отбасы бюджетіне түсетін қаржылық салмақ ауыр болмайды.

          Сатып алушылардың пулын қалыптастырған кезде тұрғын үй пайдалануға берілген сәтке Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарында ең төменгі қажетті соманы жинақтаған, бағалау көрсеткішіне жеткен және т.б. тұрғын үй заемын алу талаптарын орындаған салымшылар басымдықтарға ие болады.

          Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй бағдарламасына қатысып, жеке баспаналы болу туралы өз армандарын іске асыруға мімкіндік алатын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың санын арттыра түсу мақсатында, салымшыларға тұрғын үй заемдарымен қатар әкімдіктер салған тұрғын үйлерді сатып алуға пайдалануға болатын алдын ала және аралық заемдар беруді жоспарлап отыр.


[Banner 120x90 ]
 


(Ctrl+Enter)  
 

Дауыс беру
Санақ
01.05.2012 ж. жағдай бойынша

592,4 млрд. теңге сомасына 
309 094 шарт жасалды

Салымшылардың жинақтары
91,2 млрд. теңгені құрайды

120,4 млрд. теңге сомасында 
39 362 заем берілді

ҚҰБ бағамы
KASE Курсы
Ауа-райы
18 Мамыр 2012
USD
148.03
0.09
EURO
188.22
0.13
RUB
4.78
0.01
18 Мамыр 2012
USD
147.72
-0.31
EURO
189.00
+0.20
RUB
4.7839
-0.0316
Байланыстар
Жұмыс уақыты
Жұмыс күндері - 9.00-ден 18.00-ге дейін
Түскі үзіліс - 13.00 - 14.00 Сырғымалы кесте
Сенбі - 10.00 - 14.00 Демалыссыз
Жексенбі - Демалыс
© 2008. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Барлық құқықтары қорғалған.
Valid HTMLDesign by DG