Басты > Жаңалықтар > Баспасөз баяны > «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға қатысуы
![]() Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға қатысуыҚазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында тұрғын үй құрылысы саясатын жетілдіру саласында аталған бағытты дамытуда жоғары әлеуетке ие тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне ерекше көңіл бөлінген. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) мен Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы агенттігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде Үкімет 2010 жылдың 30 қыркүйегінде бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – Құрылыс индустриясы бағдарламасы) бекітті, онда жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) тұрғын үй салуы және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асыру көзделген. 2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы тұрғын үй құрылысының құлдырауынының мүмкін екенін атап көрсетіп, тұрғын үй құрылысын қолдау және ипотеканы ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды. Осыған орай, Үкімет тұрғын үй құрылысын дамытудың бірнеше бағыттарын қамтитын 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (бұдан әрі – Тұрғын үй бағдарламасы) қабылдады. Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда көрсетілген баяндамасында ЖАО-ның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында құрылысты қамтамасыз ету қажеттілігі атап көрсетілген. Осыған орай, Тұрғын үй бағдарламасында тұрғын үй құрылысын қолдау шараларының бірі ретінде ЖАО қатысуымен және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу мен іске асыру көзделген. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу мен іске асыру механизмі мынадай:
Тұрғын үйді пайдалануға берген сәтте тұрғын үй заемын алу талаптарын орындаған Банк салымшылары сатып алушылар пулын құру кезінде басымдылыққа ие болады. Аталған тұрғын үйлерді сатып алу аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары есебінен де жүзеге асырылады. Аталған шара аясында 2011-2013 жылдары Қазақстанның бүкіл облыстарының, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары републикалық бюджеттен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларына арналған 3-санатты жайлылық деңгейі бойынша тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында 80,84 млрд. теңге бөледі. Мұндайда таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің іске асыру құны Алматы қаласы үшін 142,5 мың теңгеден, Астана және Атырау қалалары үшін 112,5 мың теңгеден, басқа облыс орталықтары үшін 90 мың теңгеден аспайтын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларына шамамен 800 мың ш.м. тұрғын үй тұрғызу жоспарланып отыр. Тұрғын үй бағдарламасы аясында кредит беру талаптарын жұмсарту, ЖАО тұрғызған тұрғын үйді уақтылы әрі толық сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында Банктің алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру үшін бюджеттік қаражат бөлу көзделген. Сонымен қатар Тұрғын үй бағдарламасында 2-3 санатты жайлылық деңгейі бойынша тұрғын үй құрылысын одан әрі қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қорландыру болып табылатын қолдау көрсету көзделген. Бұл үшін 2011 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ын республикалық бюджеттен 57 млрд. теңгеге капиталдандыру жүзеге асырылмақ. Банк ЕДБ-ге тұрғын үй құрылысы құнының 50%-ы шамасында келісілген депозиттер және 50% – ЕДБ-ның жеке қаражаты есебімен депозиттер орналастырады. Мұндай жағдайда соңғы заемшыға (құрылыс салушыға) арналған сыйақының тиімді мөлшерлемесі жылына 12%-дан аспауы тиіс. Бұл бағыт бойынша дайын тұрғын үйді іске асыру таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 170 мың теңгеден аспауы тиіс. Тұрғын үй құрылысы нысандарының тізімін ЕДБ ЖАО-мен келісе отырып, салушылармен бірге анықтайды және Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітеді. Тұрғын үйді іске асыру ЕДБ таңдауы бойынша артынан ипотека берілетін депозиттік-жинақтау жүйесі, артынан бөліп төлеуге сатылатын депозиттік-жинақтау жүйесі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндайда тұрғын үйді іске асырудың басқа схемаларын да қолдануға болады. Қызметтің ағымдағы нәтижелері ТҚЖ шарттары Банк қызметінің негізгі өнімі – тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары (ТҚЖ). 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Банк жалпы шарттық сомасы 374,4 млрд. теңге болатын 218 382 ТҚЖ шартын жасады. Тұрғын үй заемдары Банк ТҚЖ шарттарын жасаумен қатар салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсартуға заемдар береді. Банк қызметінің бүкіл кезеңінде жалпы сомасы 84,7 млрд. теңге болатын 28 033 заем берілді. 2011 жылғы 1 ақпанда кредиттік қоржын 63,3 млрд. теңгені құрады. Қаржылық көрсеткіштер 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Банк активтері 101 770 млн. теңгені құрады, Банктің меншікті капиталы - 25,5 млрд. теңге. 2010 жылдың 12 айында активтерінің мөлшері бойынша Банк екінші деңгейлі банктер арасында 18-ші орыннан 16-шы орынға көтерілді. Екінші деңгейлі банктер арасындағы 30,07% орташа дәрежеге қатысты алғанда, төлемдері кешіктірілген кредиттер үлесі 5,25% деңгейінде. Маркетингілік көрсеткіштер 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банк Қазақстан Республикасы халқының экономикалық белсенді бөлігіне шаққандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үлесін 2%-ға дейін арттырды. Банктің тұрғын үй құрылысына/сатып алуға кредит беру нарығындағы үлесі 2010 жылы 5,5%-дан 8,3%-ға артты. Банктің халық салымының жалпы көлеміндегі үлесі 2010 жылдың қорытындысы бойынша 1,4%-дан 1,8%-ға артты. Банк бұл көрсетіш бойынша екінші деңгейлі банктер арасында 14-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді. Бүгінде Банктің халықтың екінші деңгейлі банктердегі ұзақ мерзімді салымдарының жалпы сомасындағы үлесі 5%-ды құрайды. Банк бұл көрсетіш бойынша екінші деңгейлі банктер арасында 9-шы орыннан көтеріліп, 7-ші орынға ие болды. Анықтамалық ақпарат: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) – 2003 жылы құрылған және Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын жалғыз қаржы институты. 2009 жылғы 27 шілдеден бастап «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларының тобына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі жеке тұлғалардың өз тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін әрі қарай заем алу мақсатында Банкте ашылған шоттарда салым жинақтауын көздейді. Бүгінгі таңда Банк тұрғын үй заемдары бойынша ең төменгі мөлшерлемелер ұсынады, ол мөлшерлемелер таңдап алынған тарифтік бағдарламаларға қарай жылына 3,5%-5%-ды құрайды (тұрғын үй заемдары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 3,6%-5,3%). Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, салымшының жинағы жиналған қаражат сомасының 20%-ын құрайтын мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады. Мұндайда, ең жоғарғысы 200 АЕК мөлшеріндегі жинақ сомасы ынталандырылады. Банк заемшыларына Салық заңнамасына сәйкес берілетін салықтық жеңілдік – Банк заемдарын пайдаланғаны үшін сыйақы сомасының заемшының салық салынатын табысынан алынып тастауы Банк клиенттері үшін тағы бір тартымды талап болып табылады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалдары Қазақстанның бүкіл облыс орталықтарында және Алматы, Астана, Семей қалаларында жұмыс істейді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспасөз қызметі |
Дауыс беру
Санақ
01.05.2012 ж. жағдай бойынша
592,4 млрд. теңге сомасына ҚҰБ бағамы
KASE Курсы
Ауа-райы
18 Мамыр 2012
USD
148.03
0.09
EURO
188.22
0.13
RUB
4.78
0.01
18 Мамыр 2012
USD
147.72
-0.31
EURO
189.00
+0.20
RUB
4.7839
-0.0316
|
Байланыстар
Жұмыс уақыты
Жұмыс күндері - 9.00-ден 18.00-ге дейін Түскі үзіліс - 13.00 - 14.00 Сырғымалы кесте Сенбі - 10.00 - 14.00 Демалыссыз Жексенбі - Демалыс |
|
© 2008. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Барлық құқықтары қорғалған. |
|