Группа компаний
АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек»

21 Октября 2014
    Қазақша
      Поиск  Поиск      8 8000 801 880  8 8000 801 880      Карта сайта         Вопрос-ответ  
Главная  >  Сайттын картасы  >  Баспасөз орталығы  >  Баспасөз баяны  >  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2010 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылады 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2010 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылады   

Республикамыздағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын қаржы институттарының ішіндегі алғашқысы және бірегейі болып табылатын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізгі көрсеткіштерінен көрініп тұрғандай, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Клиенттерге қызмет көрсету бойынша Банк жұмыс істей бастағаннан бері жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының саны 198 371 дейін өсті, ал олар бойынша жалпы шарттық сома 331,6 млрд. теңгені құрады. Осылайша, 2010 жылдың 9 айы ішінде жалпы шарттық сомасы 86,1 млрд. теңгеге 41 123 ТҚЖ шарттары жасалды. Егер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыратын болсақ, жасалған шарттар саны 22,2%-ға, шартты сома 15,1%-ға көбейді. Банк қызметінің бүкіл кезеңі ішінде жалпы сомасы 72,4 млрд. теңгеге барлығы 23 626 заем берілді, соның ішінде 2010 жылы 17,5 млрд. теңге сомасына 5 741 заем берілді. Депозиттік база 34,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Жыл басынан бергі көбею деңгейі 8,4 млрд. теңгені немесе 32%-ды құрады. Банктің кредиттік қоржыны 58,8 млрд. теңгеге жетті. Жыл басынан бергі оның 12,5 млрд. теңгеге (27%-ға) артқаны байқалады. Банктің меншікті капиталы 20,4 млрд. теңгегені құрады.
422 млн. теңге мөлшеріндегі пайда Банктің 2010 жылдың 9 айы ішіндегі қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы болып табылады.
Түрлі бағдарламалар мен жобаларға қатысу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы жыл сайынғы жолдауында тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіру саласында аталған бағытты дамыту үшін жоғары әлеуетке ие тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне ерекше көңіл бөлінген болатын.
Осыған байланысты, Банк Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық агенттігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және жүзеге асыру сызбасын әзірледі.
Аталған жобаны төмендегідей түрде жүзеге асыру жоспарланып отыр:
1) жергілікті атқару органдары белгіленген құн бойынша таза әрлеумен 1 ш. м. үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушыларына арнап тұрғын үй салуды қамтамасыз етеді (болжалды түрде бағасы – Алматы қ. үшін 142 500 теңгеден, Астана, Ақтау қ.қ. – 112 500 теңгеден және Қазақстанның басқа облыс орталықтары үшін – 90 000 теңгеден артық емес);
2) Банк тұрғын үй нысандарын таңдауға қатысады және олардың құрылысының параметрлерін анықтайды, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларының ішінен әлеуетті тұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастырады;
3) пул қатысушылары Бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйді өз тұрғын үй құрылыс жинақтарының және Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен сатып алады.
Бағдарлама жобасын жүзеге асыру шеңберінде Банк ЖАО-мен әріптестік туралы шарттардың жобаларын әзірледі, қарастыру және келісу үшін ол жобалар облыстардың, Алматы және Астана ққ. ЖАО-на жіберілді. Мұнымен қатар, қазіргі уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және жүзеге асыру жобасының шеңберінде Алматы, Астана, Орал қ. және Қарағанды мен Ақмола облыстарының Әкімшіліктерімен әріптестік жасауға ниет білдіру жөніндегі келісімдерге қол қойылды.
Сонымен қатар Банк жеке меншік/сырттан тартылған қаражаттар есебінен тұрғын үй салуды және оны кейіннен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы республикамыздың өңірлерінде, сондай-ақ Алматы және Астана ққ. іске асыру мүмкіндігі бар компаниялармен – жеке инвесторлармен әріптестік туралы келісімдер жасау жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінгі таңда әріптестік туралы келісімдерге қол қою мақсатында Алматы және Астана ққ. әріптестік туралы «ASI» ЖҚК, «ELD Global» ЖШС, «Казкоммерцинжиниринг» ЖШС құрылыс компанияларының ұсыныстары қарастырылуда. 2010 жылғы 3 шілдеде «CS Development LLP» ЖШС компаниясымен әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Жоба шеңберінде Банк Алматы қ. 4 серіктес қалаларының құрылысы шеңберінде «Қоянқұс» ықшамауданында салынатын тұрғын үйлердің әлеуетті сатып алушыларымен ТҚЖ шарттарын жасауды көздейді.
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Банк оны жүзеге асыру жөніндегі оператор болып белгіленді. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде (бірінші Мемлекеттік бағдарламаны қоса алғанда) Банк бюджеттік кредиттер есебінен жалпы сомасы 28,6 млрд. теңгеге 7 891 заем берді, соның ішінде тек 2010 жылы ғана жалпы сомасы 12,0 млрд. теңгеге 3 308 заем берілді.
Бұдан басқа, Банктің меншікті қаражаттарының есебінен Мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына жалпы сомасы 4,2 млрд. теңгеге 1 430 заем, соның ішінде 2010 жылы – 32,9 млн. теңгеге 15 заем берілді.
«Нұрлы көш»бағдарламасының пилоттық жобаларын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» бағдарламасына сәйкес, Банк Бағдарлама қатысушыларына тұрғын үй заемдарын беру бойынша агент есебінде әрекет етеді. Бүгінгі таңда еліміздің жеті өңірінде – Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Ақмола облыстарында «Нұрлы Көш» бағдарламасының пилоттық жобаларын жүзеге асыру жүргізілуде.
Пилоттық жоба аумағында Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қаражаттары есебінен іске асырылатын «Нұрлы Көш» бағдарламасының пилоттық жобаларының қатысушыларына қолжетімді тұрғын үй салу және әрі қарайғы жүзеге асыру мәселелері көзделеді.
Үйлерді салу кезеңінде пилоттық жоба қатысушылары алдымен тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасайды және жинақ шоттарында ақша жинақтайды. Құрылыс салынып біткеннен кейін пилоттық жоба қатысушылары тұрғын үйді жалға алады. Содан кейін депозитте қажетті соманың 50% жинақтаған соң және тарифтік бағдарламада көзделген бағалау көрсеткішінің мәніне жеткеннен кейін Банк қатысушыға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға тұрғын үй заемын және жинақталған қаражаттарды береді.
«Нұрлы Көш» бағдарламасының пилоттық жобасының шеңберінде 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банкпен 804 тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары жасалды.
Банктің «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын Тұрғын үйді жалға беру бағдарламасына қатысуы
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын Тұрғын үйді жалға алу бағдарламасының шеңберінде Банк тұрғын үйді жалға ала отырып сатып алуға және кейіннен сатып алу жолымен жалға алуға тілек білдіргендердің төлем қабілеттілігін (жалға алу төлемінің ең жоғарғы сомасын) есептеуді іске асырады. Ағымдағы жылдың сәуір – қазан айларында Банктің Астана қ. филиалдарында төлем қабілеттілігін растауға берілген 1 829 өтініш қаралды.
Банктің әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысуы
Банктің әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жергілікті атқару органдармен және балалар үйлерімен бірлесе отырып қатысатынын да атап айту қажет. Аталған жобалар шеңберінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне Банк комиссиясынсыз тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары жасалады және тұрғын үй құрылыс жинақ шоттарына ай сайын ақша аударылып отырады, соның нәтижесінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері кәмелеттік жасқа толғанда өзінің жеке меншік үйін сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі таңда балалар үйлерінің жеткіншектеріне жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының саны 6 319 шартты құрайды. Бір айта кететіні, мұндай шарттар Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында неғұрлым белсенді түрде жасалады. Ақтөбе облысында жергілікті атқару органдарының қолдау көрсетуімен жеке тұрғын үй құрылыс жинақтарының және Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен алғашқы заемдар беріліп, балалар үйлерінің 7 тәрбиеленушісі баспаналы болып та үлгерді. Мұнымен қоса, балалар үйлерімен өзара қарым – қатынастарды нығайту мақсатында Банк тұрақты түрде балалар үйлерінің жеткіншектеріне арнап түрлі акциялар, сайыстар және спорттық және ойын – сауық іс-шараларын өткізіп тұрады.
Сондай-ақ, Банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалана отырып, компаниялардың қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында жұмыс берушілермен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Мұндай жағдайда, қызметкерлерді ынталандыру мақсатында, жұмыс берушіге өз қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарын толық көлемде немесе ішінара жинақтауды іске асыру мүмкіндіктері беріледі.
Заемдарды қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру
2009 жылы Банкте Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен бекітілген Заемдарды қайта құрылымдау және кредиттік қоржынды сауықтыру шараларының бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама талаптары жұмыс орнын жоғалтуға (кірістен айрылуға) немесе ай сайынғы отбасы табысының айтарлықтай қысқаруына байланысты қаржылық қиындықтарға душар болған Банк заемшыларының белгілі бір санаттарына арналған.
Бағдарламада мынадай шаралар көзделген: заем бойынша міндеттемелерді басқа тұлғаға аудару; 12 айға дейінгі кезеңге жаңа айыппұл санкцияларын есептеуге мораторий; заемның барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін 10% мөлшеріндегі айыппұлды алып тастау; тарифтік бағдарлама шеңберінде немесе басқа тарифтік бағдарламаға өту шеңберінде кредит беру мерзімдерін ең жоғарғы мүмкін болатын мерзімге дейін ұзарту; 6 айға дейінгі кезеңге сыйақы өтеуді кейінге қалдыру; заемның барлық сомасын немесе негізгі қарыз бен сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің сомасын мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, заем бойынша есептелген, бірақ төленбеген айыппұлдар мен өсімақының сомаларын жою; жылдық 5% мөлшерінде сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі (12 айға дейін).
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Банкте қаржылық салмақты жеңілдету мақсатында банктік заем шарттары бойынша Банк заемшыларына кредит беру талаптарын өзгерту мүмкіндігін беруге бағытталған Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Заемшыларға берілген заемдарды қайта құрылымдау бағдарламасы енгізілді.
Заемдарды қайта құрылымдау бағдарламасының шеңберіндегі шаралар мынадай топтарға бөлінеді:
1-топ – меншігінде жалғыз баспанасы бар немесе жұбайы (зайыбы) жоқ немесе І және ІІ топ мүгедектері болып табылған жағдайда, жүктілік және босану/бала күтімі бойынша демалыстағы заемшылар үшін Банк заемдарын қайта құрылымдау шаралары.
2-топ – табыстарының төмендеуі / болмауы байқалатын заемшылар үшін Банк заемдарын қайта құрылымдау шаралары.
Бағдарламада заемшылардың тобына тәуелді түрде өзгеріп отыратын мынадай шаралар көзделген:
• Заемды мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда, айыппұлдар мен өсімақы сомаларын жою.
• 6-12 ай мерзімімен жаңа айыппұл санкцияларын есептеуге мораторий белгілей отырып, айыппұлдар мен өсімақы сомаларын жою.
• Кредит беру мерзімдерін ұзарту.
• Негізгі қарыз/жинақтаулар бойынша өтеуді 12 айға дейін кейінге қалдыру.
• Заемды өтеудің жаңа кестесі.
• 12 айға дейін жылдық 5% мөлшерінде сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі.
• Бүгінгі күні, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Заемдарды қайта құрылымдау шараларының бағдарламасы шеңберінде Банкте қарастыруға 350 өтінім қабылданған, олардың ішінде клиенттерден түскен 214 өтінім мақұлданды. Неғұрлым көп сұранысқа ие болған шаралар: «Жаңа айыппұл санкцияларын есептеуге мораторий белгілей отырып, айыппұлдар мен өсімақы сомаларын жою» және «Заемды өтеудің жаңа кестесі».

Банк өнімінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2010 жылғы 1 маусымнан бастап жұртшылық үшін аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын алу үшін өтініш беруде күту мерзімдері қысқартылды. Осылайша, жинақ шотындағы қаражаттардың көлеміне байланысты аралық заемдар бойынша күту мерзімі 2 айдан 1 айға, ал алдын ала заемдар бойынша – 6 айдан 2-3 айға дейін қысқартылды. Аталған шара Банк қызметтеріне деген клиенттердің сұранысын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
ТҚЖ жүйесіне жаңа клиенттерді тарту мақсатында және жинақтау кестелерінің сақталуы бойынша клиенттерді ынталануға орай 2010 жылғы 26 ақпанында Банк салымшыларды ынталандыру шараларының бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама шеңберінде Банкте Ұялы маркетинг жүргізіледі. Бағдарлама шеңберінде клиенттерге жаңа қызметтер, акциялар, іс-шаралар, мемлекет сыйлықақы, тарифтік бағдарламалар бойынша талаптардың өзгеруі және т.б. туралы ақпарат беру үшін белгілі бір мәтіндегі SMS-жөнелтілімдер жіберу көзделген.
1. "Екінші шарт – екі есе арзан" акциясы;
2. Мемлекет сыйлықақысының лауреаты бол;
3. Жинақ шотын толықтыру туралы ескерту;
Бағдарлама аясында сондай-ақ тұрғын үй заемдарын алған салымшылар үшін Банкте жаңа ТҚЖ шарттарын жасауда комиссиялық алымды 50% мөлшерде жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін беру көзделеді, себебі Банк ТҚЖ жүйесіне сенім білдіріп, өздерін Банктің жауапты салымшылары ретінде танытқан тұрғын үй заемдарын алушы Банк клиенттерінің қатарын сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет деп санайды.
Агенттер – заңды тұлғалардың («Қазпошта» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) қызметкерлерін ТҚЖ шарттарын жасауға ынталандыру және қызығушылықтарын арттыру үшін үшін тоқсан сайын «Агенттің үздік қызметкері» акциясы өткізіледі.
Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында, 2010 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде Банкте «Отбасы» акциясы жүргізіледі. Акция шеңберінде отбасының 2 мүшесіне ТҚЖ шартын жасаған жағдайда, үшінші шартты жасауға комиссия алынбайды.
Банк өнімінің таратылу арналарын кеңейту мақсатында Банктің Орталық аппаратының құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Банктің Орталық аппаратының клиенттермен жүргізілетін операциялық жұмыстарының барлық міндеттерін Алматы қ. қалалық филиалға беру, сондай-ақ қосымша қызмет көрсету «нүктелерін» ашу бойынша қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы-1 және «Мамыр» ықшамауданының аумақтарында жаңадан екі клиенттерге қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады. Банкішілік рәсімдерді осылайша оңтайландыру ТҚЖ шарттарын жасау және кредит беру көлемін арттыруға, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету сапасын да жақсартуға бағытталған.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың сипаттамасы
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі негізінен алғанда, тұрақты табыс көзі бар, бірінші кезекте өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін адамдарға арналған.
2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының ең қомақты үлесі 26 жас пен 35 жас және 36 жас пен 45 жас аралығындағы жасаралық топ мүшелерімен жасалған шарттарға тиесілі (тиісінше 33% және 21%). Мұндай жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ салымшысының орта жасы 33 жасты құрайды. Айта кету керек, тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының 58%-ын әйел адамдар жасаған, Банк салымшыларының арасында түрлі мамандық иелерін кездестіруге болады: мұғалімдер мен дәрігерлер, бизнесмендер мен оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер мен коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері.
Қаржылық көрсеткіштер. ҚР ҚҚА мәліметтері бойынша 2010 жылдың 9 айы ішінде активтерінің мөлшері бойынша Банк ЕДБ арасында 18-ші орыннан 16-шы орынға көтерілді. ЕДБ арасындағы 33,88% орташа дәрежеге қатысты алғанда, төлем мерзімі кешіктірілген кредиттер үлесі 6,62% деңгейде.
Маркетингілік көрсеткіштер. 2009 жылдың соңынан бастап Банк Қазақстан Республикасы халқының экономикалық белсенді бөлігіне шаққандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үлесін 2010 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша 1,5%-дан 1,8%-ға дейін арттырды.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, құрылыс салуға/тұрғын үй сатып алуға кредит беру нарығындағы Банк үлесі 5,5%-дан до 7,1%-ға дейін өсті. Жұртшылық салымдарының жалпы көлеміндегі үлес - 1,4%-дан 1,6%-ға дейін көтерілді. Аталған көрсеткіш бойынша Банк ЕДБ арасында 14-ші орыннан 11-ші орынға көтерілді. Мұнымен қоса, ЕДБ-ғы жұртшылықтың ұзақ мерзімді салымдарының жалпы сомасындағы Банк үлесі бүгінгі күні 4,5%-ды құрайды. Аталған көрсеткіш бойынша Банк ЕДБ арасында 8-ші орынды иеленеді (2010 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Банк 9-шы орыннан көтерілді).
Жалпы алғанда, 2010 жылдың басында мамандандырылған компаниямен жүргізілген маркетингілік зерттеулердің нәтижелері бойынша, Банктің танымалдық деңгейі 64%-ды (сұрастырылған респонденттердің жалпы санының), ал Банкке сенім білдіру деңгейі - 41%-ды (сұрастырылған респонденттердің жалпы санының) құрады. Бұған қоса, Банктің өздігінше осыған ұқсас жүргізген зерттеулерінің мәліметтері бұдан да жоғары: Банктің танымалдық деңгейі - 82%, Банкке сенім білдіру деңгейі - 69%, бұл көрсеткіштер Банктің мақсатты сегментіне нақты қатысты болатын топ бойынша Банк мәліметтерін есепке алумен байланыстырылады.
Әрі қарайғы даму жоспары
Банктің 2010-2015 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес, 2015 жылға қарай халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың үлесін 6%-ға (600 мыңға жуық тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары) және меншікті капиталдың тиімділік көрсеткішін 10,0%-ға дейін көтеру Банктің негізгі стратегиялық мақсаты болып табылады.
Негізгі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін Банктің 2010-2015 жылдарға арналған дамуының қаржылық, маркетингілік, операциялық және корпоративтік бағыттағы стратегияларын жүзеге асыру көзделген. Осылайша, 2015 жылға Ұзақ мерзімді стратегияның негізгі көрсеткіштері мынадай:
    Жұртшылық салымдарындағы Банктің нарықтық үлесін 3,3% дейін жеткізу жоспарланады;
    Тұрғын үй салуға және сатып алуға берілетін заемдар бойынша Банктің нарықтық үлесін – 8,2% дейін;
    Банкте бір жылда жасалатын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының санын – 117 мыңға дейін;
    Банкте агенттер арқылы жасалатын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының үлесін – шарттардың жалпы санының 35% дейін; 
    Банкте қызмет көрсету сапасын көтеруді – 95% дейін;
    Банктің танымалдық деңгейін 65% дейін жеткізу.

Анықтамалық ақпарат:
2003 жылы құрылған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын Қазақстандағы бірден-бр қаржы институты болып табылады. 2009 жылғы 27 шілдеден бастап «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларының тобына кіреді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде жеке тұлғалардың өз тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін әрі қарай заем алу мақсатында Банкте ашылған шоттарда салымдар жинақтаулары көзделеді.
Бүгінгі күнде Банк тұрғын үй заемдары бойынша ең төменгі мөлшерлемелер ұсынады, ол мөлшерлемелер таңдап алынған тарифтік бағдарламаларға байланысты жылдық 3,5%-5% құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3,6%-дан 5,3%-ға дейін).
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушыларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, салымшының жинақтары жинақталған қаражат сомасының 20% құрайтын мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылып отырады. Мұндай жағдайда, 200 АЕК мөлшеріндегі жинақтардың ең жоғарғы сомасы ынталандырылады. Салық заңнамасына сәйкес, Банк клиенттеріне берілетін салықтық жеңілдік – Банк заемдарын пайдаланғаны үшін сыйақы сомасының заемшының салық салынатын табысынан алынып тасталуы салымшылар үшін тағы бір тартымды шарт болып табылады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бөлімшелері Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және Алматы, Астана, Семей қалаларында жұмыс істейді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспасөз қызметі
тел.: +7 (727) 279-35-11 (218),
+7 701 577 75 78 (Сауле Омарова).

 

Контакт-центр
Телефон по г. Алматы
+7 (727) 279 25 55
Бесплатный звонок:
-по Казахстану 8 8000 801 8802
-с мобильного телефона 300

Голосование
Статистика

По состоянию на 01.10.2014г.

Заключено 595 938  договоров
на сумму 1 284,0 млрд. тг.

Сбережения вкладчиков
составляют 227,0 млрд. тг.

Выдано 72 120 займов
на сумму 270,0 млрд. тг.

Курс НБРК
Курс KASE
Погода
21 Октября 2014
USD
181.50
0
EURO
231.50
-1.27
RUB
4.43
0
26 Июля 2014
USD
183.52
-0.01
EURO
247.20
+0.05
RUB
5.2389
-0.0101
Подписаться

Контакты
График работы
Понедельник-пятница (без перерыва)
Операционный зал - с 09.00 до 18.00
Касса - с 09.00 до 17.00
Суббота (без перерыва)
Операционный зал - с 09.00 до 16.00
Касса - с 09.00 до 13.00
Воскресенье - выходной
АДСADSIPO
© 2011. АО «Жилстройсбербанк Казахстана». Все права защищены.
Valid HTMLDesign by DG