Басты > Жаңалықтар > Сұхбаттар > «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева ханыммен сұхбат
![]() Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева ханыммен сұхбатРТРК «Қазақстан», Жайнагүл Төлемісова Бір ғана Астана қаласында 28 мың адам үйден дәмелі. Ал, 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана тек 5600 адамға ғана беріледі. Бәсекенің қаншалықты екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғындарға арзан несие бөлумен айналысатын негізгі оператор- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Қаржы ұйымы несиені кімдерге, қандай жағдайда береді және кімнің үйден үмітін үзе беруіне болады? Бұл сауалдарға банктің басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева не дейді? Сұхбаттасқан Жайнагүл Төлемісова. Жайнагүл Төлемісова, журналист: 1. Нұрбибі Серікқажықызы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мемлекеттік бағдарлама негізінде азаматтарға 4 - пайыздық үстемемен несие бере бастады. Мемлекет баспанаға бөлген қаржы қалай игеріліп жатыр? Нұрбибі Наурызбаева, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы: Бұл бағдарлама аясында үш жыл ішінде банкке бюджеттен 57 млрд. теңге несие бөлінді. Бұл несиенің бірінші траншын 23 млрд. теңгесін 2008-жылы алдық. Қазіргі кезде осы алған ақшадан халыққа 16 млрд. теңгеден артық несие берілді. Бұл Астана қаласын қоспаған кезде. Мемлекеттік пәтерді бөлу науқаны Астанада енді басталды. Жайнагүл Төлемісова, журналист: 2. Астанада неге кеш басталды? Нұрбибі Наурызбаева, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы: Басталуы үйлердің салынып бітуіне байланысты. Өйткені, әкімшілік мысалы, үйлердің салынып бітуіне 6 ай қалғанда ғана бұл жұмысты бастауы керек. Бұл жұмыс Астана қаласында былтырғы жылдан бері басталды. Екінші бір себебі қалада үміткерлердің көп болуы. Бағдарлама аясында 3 жылда 5600 пәтер берілуі керек. Астанада қазіргі кезде ауызша деректерге қарағанда үміткерлер саны 28 мыңнан асып отыр. Жайнагүл Төлемісова, журналист: 3. Қарыз алам деушілерге қандай талап қойылады? Азаматтардың төлем қабілеті қандай болуы керек? Нұрбибі Наурызбаева, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы: Біріншіден, қарыз алам деушілер мемлекеттік бағдарламада белгіленген топқа жатуы керек. Бұл топқа біріншіден жас отбасылар кіреді. Қарамағында балалары бар, жалғызілікті аналар кіруі мүмкін. Жас отбасы дегеніміз екеуі де ерлі- зайыптылар 29 жасқа толмауы керек. Екіншіден мемлекеттік қызметкерлер, сосын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері. Жергілікті уәкілетті органдар бұл адамдардың орнында қанша жыл істегеніне қарайды, үй жағдайына қарайды, отбасында қанша адам бар- солардың бәрі есептеліп отырады да әкімшілік өлшемдері соған байланысты болады. Ал, бізге келгенде біздің жұмысымыз екі кезеңде өткізіледі. 1- кезеңде төлем қабілетін тексереміз. Келген адам бізге жергілікті уәкілетті органнан жолдама алып келеді. Осы бағдарламаға қатысуға үміткер деген. Содан кейін бізге өзінің жалақысы жөнінде деректерді әкеп береді. Отбасында қанша адам бар, қанша баласы бар. Ол балалардың қарауына келетін ақша төлем қабілетін есептегенде шегерілуі керек алатын жалақысынан. Сосын басқа банктерде несие шарттары бар ма? Сол жөнінде де деректерді алып келеді. Содан біз үміткер табысын есептейміз. Ертеңгі күні алатын табысы жеткілікті ме, жеткіліксіз бе. Егер оның табысы жеткіліксіз болып жатса, жеке басының табысы онда ол өзінің мысалы, жақын туыстары тарапынан болмаса басқа адамдарды несиені бірге атқаратын адам ретінде 2 адамға дейін тарта алады. Сонда біз ол адамдардың табыстарын бірге қосып есептейміз. Мысалы, бір бөлмелі пәтер алу үшін 40 шаршы метрге айлық табысы кем дегенде 37 мың теңге құрауы керек. Әрі қарай 60 шаршы метр пәтерге 56 мың , 80 шаршы метрге 75 мың теңге болуы керек. Бұл енді тек қана таза табысы оның басқа қарыздарын есептемегенде сондай. Ал, егер ол адамның басқа банктерде қарыздары болса, отбасында бірнеше бала болса, өйткені, балаларды қарауға ақша керек болады. Ай сайын несиені алған адамның өтейтіні 8,5 жылға 35 мың теңге. Жайнагүл Төлемісова, журналист: 4 Қарыз алып қайтара алмай отырғандардың үлес салмағы қандай? Нұрбибі Наурызбаева, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы: Қазіргі кезде мемлекеттік бағдарлама бойынша, жалпы 20 млрд. теңгеден артық несие бердік. Алты мыңнан артық адамға . 16 млрд. жаңа айтқан, бюджет кредитінен, 4,5 млрд. банкі есебінен. Қазіргі күнде қуанышқа орай мемлекеттік бағдарлама бойынша заемшылар арасында көп қарызшылар жоқ. Анда- санда болады. Бір ай ішінде бірнеше күн кешіктіреді. Бірақ айлап төлей алмай отырғандар жоқ. Жайнагүл Төлемісова, журналист: 5. Жыл аяқталды қорытынды қандай? Дағдарыстың салдарынан есепшотын жауып, ақшасын қайтып алғандар көп болды ма? Нұрбибі Наурызбаева, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы: Ондай адамдар болды. Бірақ, мысалы, бәрі дағдарысқа байланысты деп айтуға болмайды. Өйткені, кей жағдайда адамдар шоттарын ірілендіреді. Бірнеше отбасы мүшелері ашқандарын біріктіреді, болмаса басқа жаққа көшеді. Үйді алмаймыз деген ойлары болады.Бүкіл банкі бойынша айтсақ, 2009-жылы ондай адамдардың саны 5 мыңнан асып отыр. Біз банкінің 6 жыл қызметі ішінде 158 мың адаммен шарт жасастық. Қазіргі есепшоттар саны - 129 мың. Жалпы жыл қорытындысына келсек, даму қарқынымыз бәсеңдеген жоқ. Былтырғы жылмен салыстырғанда банкіге азаматтарды тарту жұмысы 16 пайызға өсіп отыр. |
Дауыс беру
Санақ
01.05.2012 ж. жағдай бойынша
592,4 млрд. теңге сомасына ҚҰБ бағамы
KASE Курсы
Ауа-райы
18 Мамыр 2012
USD
148.03
0.09
EURO
188.22
0.13
RUB
4.78
0.01
18 Мамыр 2012
USD
147.72
-0.31
EURO
189.00
+0.20
RUB
4.7839
-0.0316
|
Байланыстар
Жұмыс уақыты
Жұмыс күндері - 9.00-ден 18.00-ге дейін Түскі үзіліс - 13.00 - 14.00 Сырғымалы кесте Сенбі - 10.00 - 14.00 Демалыссыз Жексенбі - Демалыс |
|
© 2008. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Барлық құқықтары қорғалған. |
|