7 Ақпан 2012
     Русский
      Іздеу  Іздеу      Хат жазу  Хат жазу
Басты  >  Жаңалықтар   >  Сұхбаттар 

Сұхбаттар

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының басымдықтары

          Егемен Қазақстан» газеті, Ибраһим Қаппасов

         Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында Президенттің 2011 жылдың 27 қаңтарындағы №1144 Жарлығымен 2011 жылдың 8 желтоқсаны «Шаңырақ» күні деп белгіленген. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» аталмыш шараны жүргізуге белсенді қатысуда. 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі мен жүргізілетін шаралар туралы жан-жақты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Серекхажықызы НАУРЫЗБАЕВА әңгімелейді.
 



ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНУЫ- ХАЛЫҚ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА САЛУҒА НАҚТЫ ҚАДАМ

          «Айқын» газеті, Ершай ӘЗІРЕТ 

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің жуырда қабылдаған 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тек қана екі бағытын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 150 миллиардтан астам теңге бөлу жоспарланып отыр. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы маңызды екі мақсатты көздейді. Біріншісі – Елбасы тапсырғандай жыл сайын 6 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейін ұстап тұру. Екіншісі – қазақстандықтар үшін осы баспананың қолжетімділігін нарықтағымен салыстырғанда төмен бағалармен және қолайлы талаптар арқылы қамтамасыз ету. Жаңа тұрғын үй бағдарламасының жай-жапсарын білу мақсатында біз «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваны сөзге тартқан едік.



Шағын сұхбат

Сұхбаттасқан Кәмшат Сатиева – «Алаш айнасы»

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ- БАСПАНА БАҒАСЫНЫҢ ШАРЫҚТАМАУЫНА СЕП

Газетіміздің алдыңғы санында елімізде 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қабылданғаны туралы жазғанбыз. Тағы бір нақтылай кетсек, аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арнап 800 мың шаршы метр пәтержай салу жоспарланып отыр. Бұл 2011-2014 жылдар аралығында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы 13 мың қазақстандық баспаналы болады деген сөз. Міне, осы бағдарламаның негізгі операторы– «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы  Нұрбибі Наурызбаеваны оқырмандарымыздың сұрауы бойынша тағы да сөзге тартқан едік.



Бағдарлама қазақстандықтар мүддесін көздейді

Әңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ

Үкімет 2011-2014 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын бекітті. Бағдарламада тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің ерекшеліктерін айқындайтын механизмдер шешуші рөл атқарады. Жаңа бағдарлама мынадай үш артықшылығымен сипатталады: барлық тілек біл-дірген адамдардың бағдарламаға қатысу мүмкіндіктерінің жоғарылығы; баспананың шаршы метрі үшін белгіленген бағаның рыноктагыдан әлдеқайда төмендігі, қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мемлекет кепілдігі және қаржы дағдарысы күшейген шақта үлескерлердің басына түскен жәйттерге ұқсас жағдайларды мүлде болдырмау. Жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы толығырақ оның авторларының бірі – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА әңгімелеп береді.



«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева ханыммен сұхбат

РТРК «Қазақстан», Жайнагүл Төлемісова

Бір ғана Астана қаласында 28 мың адам үйден дәмелі. Ал, 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана тек 5600 адамға ғана беріледі. Бәсекенің қаншалықты екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғындарға арзан несие бөлумен айналысатын негізгі оператор- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Қаржы ұйымы несиені кімдерге, қандай жағдайда береді және кімнің үйден үмітін үзе беруіне болады? Бұл сауалдарға банктің басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева не дейді? Сұхбаттасқан Жайнагүл Төлемісова.



Үй болмай, күй болмас

«Алтын орда», Рәзиға Әшеева

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – еліміздегі төменгі пайызбен несие беретін бірден-бір банк. «Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді» дегендей, осы банк арқылы екінің бірінің «алтын сарай» болмағанмен, Жиреншенің күркесіндей құжыра алуға мүмкіндігі бола ма? Банк басқармасы төрайымының орынбасары Нұржами Алтынсақамен әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбіді. Оқып көріңіздер, сіздерге де бір көмегі тиіп қалар.



Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мақсаты - баспанаға қолжетімділікті арттыру

«ҚазАқпарат», Марлан Жиембай 

Кез келген азаматтың бұл өмірде үш міндеті болады екен. Оның бірі - баспана тұрғызу болса, екіншісі - отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеу, ал соңғысы - ағаш отырғызу. Ер азаматтың отбасын құрып, ағаш отырғызуға мүмкіншілігі жеткенімен,  баспаналы болу зардабын көп тартатынын қазіргі қоғам анық көрсетіп отыр. Дегенмен мемлекеттің бірден баспаналы болуды қалтасы көтермейтін азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы төмен пайызбен несие бере бастағанына да 2 жылдың жүзі болды. ҚазАқпарат тілшісі аталған банктің Басқарма төрайымының орынбасары Нұржами Алтынсақамен жолығып, әңгімелескен болатын.



Нұрбибi Наурызбаева, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасының төрайымы: Бізде несиеге той жасап, оны төлей алмай қиналып жүргендер өте көп

– Нұрбибi Серiкқажықызы, Үкiмет Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасына енгiзiлген түзетулерге сәйкес, азаматтарға Тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнен   бастапқы жарнасыз жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады. Осы уақытқа дейiн банк қанша адамды тұрғын үймен қамтамасыз етiп үлгердi, жалпы алғанда, табысы жоғары емес тұрғындардың баспана мәселесiн шешудегi мүмкiндiктерi қандай?

– Көпшiлiк 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасының 2007 жылы қабылданғанын жақсы бiледi. 2009 жылы Үкiмет аталмыш бағдарламаға бiрқатар өзгерiстер енгiзiп, жетiлдiрдi. Бағдарлама аясында салынатын үйлер тұрғындардың баспанаға аса мұқтаж санатына берiлiп отыр. Бұл қатарға мемлекеттiк қызметкерлер, жастары 29-ға толмаған жас отбасылар, асырауында балалары бар жалғызбасты ата-ана, сондай-ақ мемлекеттiк қызметкерлер мен мемлекеттiк қызметкер санатына жатпайтын мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi енедi. Бiздiң банк ұсынған заемдардың артықшылығы – олардың пайыздық мөлшерлемелерiнiң төмендiгi және несиенi мемлекеттiк бағдарламаға қатысушы таңдаған тарифтiк бағдарламаға сәйкес, 23,5 жылға бастапқы жарнасыз алу мүмкіндігі.



 

[Banner 120x90 ]
 


(Ctrl+Enter)  
 

Дауыс беру
Санақ
01.01.2012 ж. жағдай бойынша

525,97 млрд. теңге сомасына 
283 945 шарт жасалды

Салымшылардың жинақтары
72,6 млрд. теңгені құрайды

113,4 млрд. теңге сомасында 
37 238 заем берілді

ҚҰБ бағамы
KASE Курсы
Ауа-райы
7 Ақпан 2012
USD
148.72
0
EURO
195.52
0
RUB
4.92
0
6 Ақпан 2012
USD
148.66
-0.06
EURO
190.60
-1.75
RUB
4.9332
+0.0049
7 Ақпан 2012
Астана-17 °C
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз
Алматы-9 °C
Көшпелі бұлтты, аздаған қар
Байланыстар
Жұмыс уақыты
Жұмыс күндері - 9.00-ден 18.00-ге дейін
Түскі үзіліс - 13.00 - 14.00 Сырғымалы кесте
Сенбі - 10.00 - 14.00 Демалыссыз
Жексенбі - Демалыс
© 2008. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Барлық құқықтары қорғалған.
Valid HTMLDesign by DG